Соңғы жаңалықтар

Қазақ
Стамбұл әуежайында өзіне қол салған қазақстандықтың денесі елге жеткізіледі

Стамбұл әуежайында өзіне қол салған қазақстандықтың денесі елге жеткізіледі

Стамбұл әуежайында көз жұмған Қазақстан азаматының денесі жуық арада елге жеткізіледі. Бұл жайлы ҚР СІМ ғимаратында өткен брифинг барысында ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жігіттеріңіз көкпар емес, жұмақты аңсап жүрген сияқты»: Айгүл Орынбек Бекболаттан орнын босатуын сұрады

Белгілі заңгер, блогер Айгүл Орынбек қырғыз жігітінің қазақтарға ренжіп айтқан сөзі түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді. Ол жігіттердің көкпар емес, жұмақты аңсап жүргенін айтып, Бекболат Тілеуханнан орнын босатуын талап етті.

«Намыс деген бар ма сендерде?»: Өзбектерден жеңіліп қалған қазақ көкпаршыларын қырғыз әріптестері кейіп тастады (ВИДЕО)

Қырғызстанда көшпенділер ойыны өтіп жатқаны белгілі. Кеше қазақ көкпаршылары ширек финалда Өзбекстан құрамасынан жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалған болатын. Финалда қазақтармен жолығуды мақсат еткен қырғыз көкпаршылары болса біздің спортшыларды кейіп ұрысып тастады. Бұл сәт түсірілген видеоролик әлеуметтік желілерді шарлап жүр.

Қытайға тиген қазақ қызы түрін көрсетті (ФОТО, ВИДЕО)

Соңғы кездері елімізде Қытайға қатысты синофобия күшейіп кетті. Осы орайда қытай жігітіне тұрмысқа шығып, Гуанчжоуда тұратын қазақ қызы күйеуі жайлы былайша баяндап берді.

«Қарсылығымыз екі жылға созылды»: Қытайға қызын берген әке ақталып хат жазды

Мен, Сүлеймен Асқар Бағытұлы өзімнің ағайын туысқандарыма, достарыма, жұмыстастарыма және барлық мен танитын ағайындарға қызымның қытай азаматына тұрмысқа шығуының себебін шынайы жеткізгім келеді.

«Үкіметке бәрібір ме? ҚМДБ қайда?»: Балғынбек Имаш қытайлыққа күйеуге шыққан қазақ қызы жайында пікірін айтты

Бұрынғы айтыскер-ақын Балғынбек Имашев аралас некеге заңмен тыйым салу керектігін айтты. Оны жүзеге асыру үшін көпшілік болып қоғамдық кеңес құруды ұсынып отыр. Сондай-ақ, ақын жақында ғана Қытай азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызын жақтағандарды сынады.

«Қытайға қыз беру туралы пост жазам ба деп едім, бүкіл әлеуметтік желілерде шу көтеріліп, біраз белсенділік байқалды. Әлxәмдулилләһ! Қазақтың біраз намысты қыз-жігіттері тойды тоқтату түгілі, тауды қопаруға дайын екендіктерін байқатты. Өкініштісі, «Онда тұрған не бар?», «Қытайлар да адам ғой», «Бақытты болса болды емес пе?» деген пікірлер де көрініп қалды. Міне, шіріген жұмыртқа деп осыларды айтады. Осындайлардың санасын сауықтырмай, миларын емдемей, емдеуге келмесе, ортадан аластамай біздің қазақ ел болмайды. Ең жаманы: Құдалықтағы апалардың сөзі. "Бәрі дұрыс" дейді. "Орамалды құрбыларына берейік, сендер де осындай жақсылыққа жетіңдер!" деп қояды беттері бүлк етпей! Масқара ғой. Жиіркенішпен, амалсыз жасаған әрекет емес, ризалықпен, қуана айтып тұр. Масқараның бұдан зорын мен білмедім. Қытайға емес, соны жақсылық деп есептеген, қазақы камзолдағы әйелдерге (ана деуге аузым бармай тұр) қаным қарайды! Видеоны ешкімге таратпадым, басқалардан келген сайын өшіріп тастап отырдым, зығырданым қайнады! Не істейміз? Мәселе қытайда емес, өзімізде ғой! Өлімнен күшті деген ұят қайда? Намыс қайда? Тектілік қайда? Иман қайда? Қытайға қыз бердің, діннен шықтың ғой, муртад болдың ғой! Жаназаң оқылмау керек қой! Үкіметке бәрібір ме? Парламент не себепті тым-тырыс? Каникулға тыныш кеткісі келе ме? Қоғам алдында құзыры төмен болса да, құдай алдындағы жауапкершілігі жоғары ҚМДБ қайда? Неге үнсіз? Құрметті, қоғам белсенділері, намысты Қазақ баласы! Дереу арада зиялы қауым өкілдері, Үкімет мүшелері, білімді имамдар, білікті заңгерлердің басын қосып қоғамдық Кеңес құрайық! Парламентке Заң жобасын ұсынайық!Аралас некені заңмен тыя алмасақ, қатаң шарттар мен шаралар қабылдайық. Қытайға қатын болған іштен шыққан шұбар жыландарды Қазақстанның азаматтығынан айырайық! Шетелдік күйеубалаларға азаматтық бермейік! Желіде шуламай, ел болып заң аясында қимылдайық. Ертең Алла алдында әрқайсымыз сұраламыз...», – деп жазды Балғынбек Имашев өз Instagram-парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін қазақ қызының қытайлық жігітке күйеуге шығып жатқан видеосы желіде тарап, көпшіліктің қызу талқысына түскен болатын. Ал, танымал продюсер Баян Алагөзова «махаббат ұлтқа қарамайды» деп, шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ қызын қолдады.

«Қазақ қыздарын қорлап жүрген жерлестерім баршылық»: Оғыз Доған өзге ұлт өкіліне қыз беруге қарсы

Қазақ тілінің жанашыры, түрік азаматы Оғыз Доған қазақ қыздарының өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуына қарсы. Өзі де қазақ қызына үйленген ол, бірінші некесінің сәтсіз болғанын айтты.

«Мен қыздардың өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуына қарсымын. Қанды араластырмау керек. Көрермендерден «Онда өзің неге қазақ қызына үйлендің?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Біз бір-бірімізге өзге ұлт өкілі емеспіз. Сол себептен біздің қыз алыса берумізге болады. Өкінішке қарай, менің жерлестерімнің ішінде де қазақ қыздарын қорлап, қазақтың халқын, мәдениетін кемсітіп жүргендер баршылық. Әрине, ондай адамдарға қыз беруге, үйленуге қарсымын», – дейді Оғыз Доған «ТalkLike» интернет-бағдарламасына берген сұхбатында.

Жақында ғана Қарағандының қызымен отасқан Оғыз Доғанның бірінші әйелі де қазақ болған. Одан бір ұлы бар.

"Қазақ жігіттеріне пәк қыз керек": Қытайға тұрмысқа шыққан Ләйлә күйеуін мақтап, ақтап әлек

Соңғы кездері қытайға тұрмысқа шығып жатқан қазақ қыздарының тағдыры көпшілікті алаңдатып жүргені рас. Бірі - жақтап, екінші бірі -даттап жатыр. Бірақ кетем деген қызды ұстап қала алмайтынын бәрі де біледі. Жұрттың сөзіне, қарсылығына қарамай, шетелдіктің етегін ұстаған Ләйлә есімді қазақ қызы желідегі парақшасына бұндай қадамға не үшін барғанын айтып ақталды.

Қазақша сөйлей алмай қалған Айдана Меденова жұрттың ашуын туғызды (ВИДЕО)

«Kesh You» тобының экс-мүшесі Айдана Меденова эфирде қазақша сөйлей алмай көрермендер алдында масқарасы шықты.

Түркияда баласымен суға батып өлмек болған қазақстандық әйелдің кім екені анықталып жатыр (ВИДЕО)

Түркияда баласымен суға батып өлмек болған әйелдің кім екені анықталып жатыр деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер миннистрігі.