Соңғы жаңалықтар

қылмыстық іс
Атырауда балықтардың қырылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Атырауда балықтардың қырылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Атырауда балықтың жаппай қырылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалады. Қалада Жайық өзеніне тасталатын құрылғылары бар барлық ұйымдарды жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы хабарлады. 

Өскеменде такси жүргізушісінің өліміне қатысты күдікті ұсталды

Өскеменде 55 жастағы такси жүргізушісінің өліміне қатысты күдікті ұсталды деп жазады ustinka.kz.

Шымкентте баласын әжетханада сабаған әйелдің тағы бір сұмдық видеосы жарияланды (ВИДЕО)

Бұған дейін әжетханада баласын сабап, былапыт сөздер айтқан әйел сәбиді енді көшеде ұрып жүр. Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі shymkent.online тобында жарияланған.

«Министрден сұраңыздар»: Төреғали Төреәлінің әкесі ұлының ұшақтағы тәртіпсіздігі жайлы айтты

Әнші Төреғали Төреәлінінің әкесі Төрәлі Әлиханұлы Алматы-Гонконг бортында болған тәртіпсіздік жайлы айтты деп жазады Tengrinews.kz.

«Ұлы Дала комедиясы» фильмінің тұсаукесеріне барған журналистер әнші мен продюсеріне ұшақтағы жағдай жайлы сұрақ қойды. Тілшілерге тек әкесі қысқа ғана жауап берді.

«Министрден сұраңыздар. Мен ол кезде Төреғалидің жанында болған жоқпын. Маған ол ештеңе айтпады», - деді Әлиханұлы.

Еске сала кетейік, 14 қыркүйек күні Алматы-Гонконг рейсіне бала-шағасын шығарып салған Төреғали Төреәлі ұшақта шу шығарған болатын. Оны күту залына жіберген әуежай қызметкерлеріне 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Әншінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Кінәсі дәлелденсе, 1 мың АЕК көлемінде айыппұл салынуы немесе 1 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

«1 жылға сотталуы мүмкін»: Төреғали Төреәлінің ұшақ бортына заңсыз өтуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің "Эйр Астана" әуе компаниясына тиесілі Алматы-Гонконг бағытында ұшақтың бортына заңсыз енуіне байланысты полиция қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Облыстық деңгейге ауыстырылды»: Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Қытайда сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі апелляцияда қаралып жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қызылордада мас күйінде полицейдің бетінен тырнаған келіншек сотталды

Қызылорда облысы Қазалы аудандық соты мас күйде полиция қызметкерінің бетін тырнаған азаматшаға қатысты үкім шығарды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денесін орақпен тіліп тастаған: Жамбыл облысында айуандықпен өлтірілген ер адамның туыстары тергеу жұмысына наразы

Жамбыл облысында бауыр еті баласынан айырылған ата-ана ұлын өлтіргендерді полицейлер құрықтауға құлықсыз деп айыптауда. Олардың сөзіне сенсек, 31 жастағы азаматты айуандықпен жазым қылғандардың тек біреуі ғана қамалып, өзгелері қаперге алынбаған. Енді марқұмның жақындары оны топ болып пышақтағандардың түгелдей жауапқа тартылуын талап етіп министірлікке арыз жазбақ.

Астанада екпеден қайтыс болған келіншектің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астанада дәрігерлердің қолында қайтыс болған келіншектің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. 28 жастағы Мақпал Еспенбетова үш күн бұрын көз тұсынан маса шағып, ісігін қайтару үшін ақ халаттылардың көмегіне жүгінген болатын деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Мұхтар Әбілязовке қатысты тергеу жұмыстары аяқталды

ҚР Бас прокуратурасы «БТА банкі» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Тәтішовті өлтіруді ұйымдастыру фактісі бойынша Мұхтар Әбілязовке қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын аяқтады деп жазады Stan.kz.