Соңғы жаңалықтар

құлдық

Полиция Шымкентте бір жарым жыл құлдықта болған ер адамға қатысты пікір білдірді

Ведомство мәліметінше, ер адамға бұған дейін іздеуде болған екен.

«Құлдықтан құтылу ойында болмапты»: Қазақстанға жұмыс іздеп келген ресейлік еліне жете алмай жүр (ВИДЕО)

Дмитрий құлдықтан құтылса да әлі күнге бәзбіреулерден қорқатынын айтады. 11жыл бойына біреудің малын бағып, отын жаққан.

5 жыл бұрын жоғалған ер адамды полиция қызметкерлері құлдықта ұстаған (ВИДЕО)

Нарынбет Жұмағұловтың құлдықтан босап шыққан кездегі түрі өте аянышты. Әбден жүдеген, үсті-басы кір-кір, киімінің сау тамтығы жоқ. Мал бағып жүрген жерінен ағасы осы күйінде тапқан. Інісін алып кетпек болғанда қожайындары жетіп келіп, қоқаң-лоққы көрсетіпті.

Ақша табу үшін Мәскеуге барған апалы-сіңлі қыздар бірнеше жыл құлдықта болып, зорлық көрген

Шымкенттік әпкелі-сіңлілер Фатима мен Әлия Мұсабаевалар 2007 жылы таныстарының шақыртуы бойынша ақша табу үшін Мәскеуге аттанған. Алайда бәрі өздері ойлағандай жақсы болмай шыққан. Себебі олардың тегін жұмыс істеуге және адам төзгісіз жағдайда өмір сүруге мәжбүрлепті. Сонымен қатар оларды ұрып-соғып, зорлап келген көрінеді.

«Қызын араққа айырбастаған»: Белігілі журналист малшының қолында құлдықта жүрген бойженнің тағдырын баяндады

Мектеп қабырғасында жүріп жүкті болған қыз балаға туыстары түсік тастатыпты. Ал бойжеткенді әкесі бір жарты араққа құлдықа өткізіп жіберіпті. Бейтаныс арудың тағдыры жайлы белгілі журналист Жазира Бегалы өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

11 жыл құлдықта болған жамбылдық азамат басынан өткен сұмдық оқиғасын айтты

Бейсен Анарбеков 11 жыл бойы Жамбыл облысы Байзақ ауданының бір бұрышында құлдықта болған. Ол 2007 жылдан бері еріксіз еңбек етіп, үлкен қожалықтың бар қара жұмысын атқарыпты. Қожайынынан зәбір көрген азаматты 2018 жылы әпкесі құтқарып алған екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасындағы «Пендеміз ғой» бағдарламасында айтылды.

«Жұбайым мені ұрып, қинап келді»: Оралда жоғалып кеткен үш баланың анасы үйден өзі кетіп қалған (ВИДЕО)

Полицейлер 13 қыркүйекте Оралда жоғалып кеткен 38 жастағы үш баланың анасы Иралия Камышеваны тапты деп жазады «Мой ГОРОД». 

Тараздық келіншек Қырғызстанда құлдықта жүрген әйелдің хатын жариялады (ВИДЕО)

Тараздық келіншек Қырғызстанда құлдықта жүрген әйелдің хатын жариялап, көмек сұрады деп хабарлайды NewTimes.kz.