Қазақстан қор биржасының күндізгі сессия қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 332 теңге 67 тиын болды. Кеше KASE қор биржасының таңертеңгілік сессиясында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 349,12 теңгені құрап, жаңа антирекорд жасаған болатын.
Мұнай бағасы барреліне 35-37 доллар болғанда, теңге курсы 350-370 болуы қажет. Сондықтан алдағы уақытта ұлттық валюта әлі де төмендей түсуі мүмкін. «Қазақстан мен әлем экономикасына көзқарас» деген макроэкономикалық есепте BCC Invest сарапшылар осындай болжам жасады, деп жазады 7kun.kz
Алғаш тәуелсіздік алған жылдары АҚШ ақшасы теңгенің құнымен шамалас еді. Алайда, доллар жарықтың жылдамдығымен өсті. Нәтижесі төмендегідей болды.
Ұлттық банктің теңге курсын қалыпты сақтау үшін жүргізген интервенциясы 2015 жылдың соңына дейін 3 млрд долларды құрауы мүмкін. «Асыл-Инвест» сараптама департаментінің директоры Айвар Байкенов осындай пікірде деп жазады LS.