Арыс қаласында жыл басынан бері 25 көше орташа жөндеуден өтіп, 24,7 шақырым жол ел игілігіне берілді. Оның ішінде келер жылға өтпелі 5 көшеге бүгінгі таңда жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, кеңейіп, аяқжолдармен қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар, көшелер жарықтандырылып, суағарлар қойылуда. Айта кетейік, Арыс қаласында 173 көше бар. Келер жылы тағы 19 жолды орташа жөндеуден өткізу жоспарлануда.
Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы 1102 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде бюджеттік нысан 644 болса, коммерциялық ғимараттардың саны 458-ді құрайды.
Талдықорған орталығында салынатын көпқабатты тұрғын үйлерді тұрғызу үшін түркиялық компаниядан 100 миллион доллар инвестиция құйылмақ.
Маңғыстау облысында 2015 жылы 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Бұл туралы Маңғыстау облысы құрылыс басқармасының басшысы Орақ Аяпов хабарлады.
Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 101 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. Құрылысы жүріп жатқан нысандардың 82-сі мектеп болса, 14 жаңа балабақша ал, қалған 5-і мектеп жанындағы қосымша құрылыстар.
Осы білім нысандарының 67-і биыл пайдалануға беріледі. Оның ішінде 49 білім нысандарының 27-і апатты, 3-і - үш ауысымды мектептер болса, 13-і балабақша. Сондай-ақ, балғындарды балабақшамен қамту мақсатында жыл соңына дейін 12 мың баланы қамтитын 95 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға беріледі. Оның 48-і мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында ашылмақ. Оңтүстік Қазақстан облыстық білім, жастар саяаты және тілдерді дамыту басқармасының мәліметінше өңірімізде 1-6 жас аралығындағы 151948 баланы қамтитын 1412 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.
Естеріңізге салсақ, былтыр өңірде 115 білім нысанның құрылысы жүрген болса, «Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі 160 ұйым іске қосылған.
«Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ басшысының орынбасары Ержас Айтуғанов мемлекеттік бағдарламаның екінші кезеңі бойынша баспана құрылысының тоқтап қалуына кінәлі мердігер компанияларды атап шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Астанада мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде Қостанай мен Қарағанды қалалары бағытындағы магистральдарда екі автовокзал салу жоспарланған. Қазіргі уақытта олардың техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
«Bureau Veritas» мамандары астаналық құрылыс компанияларының қызметкерлеріне арналған тұрақты тренингтерін өткізуде. Бүгін кезекті оқу барысында шетелдік сертификациялық компания қызметкерлері экологиялық құрылыстың негізгі стандарттары туралы баяндайды, деп хабаралайды skifnews.kz.
Қызылорда қаласының кеңеюіне бес жерде орын тепкен мазарлар кедергі келтіруде. Бұл туралы облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Сейілхан Тойбазаров журналистермен кездесуі кезінде мәлім етті, деп хабарлайды «Қазақпарат».