Соңғы жаңалықтар

Үкімет

Үкіметтің бергені 3 қап көмір: Үйлерін топан су басқан семейліктер шу шығарды

Семейде топан су шайған аймақтарда жұт халықты қинап қойды. Əсіресе, Бобровка ықшамауданындағы саяжайда тұратын жұрттың баспаналарының басым бөлігі апатты жағдайда тұр. Тіпті кейбір саз балшықтан тұрғызылғандары шыдас бермей құлап жатыр. Ал əзірге қонақ үйді паналап отырған қараша не істерлерін білмей дал деп мәлімдейді КТК телеарнасы.

Елімізде қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтетін арнайы заң қабылдануы мүмкін

Парламент мәжілісінің депутаты Берік Дүйсембинов қоғамның барлық саласында қазақ тілін кеңінен қолдануға міндеттейтін арнайы заң қабылдау керегін мәлімдеді деп хабарлады қазақстандық ақпарат құралдары.

Отыз жылда қазақ тілін үйренбеген шенеуніктер енді үйренеді деген күлкілі емес пе?

Бүгін қазақстандықтардың ең көп талқылап жатқан тақырыптарының бірі - Мемлекет басшысының Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаевты қабылдауы. Елбасы осы кездесуде министрдің есебін тыңдап, бірқатар тапсырма жүктегенін бұған дейін жазған болатынбыз. Сол тапсырмалардың бірі жалпы үкімет пен Парламентке қарай айтылды, яғни министрлер кабинеті де, Сенат пен Мәжіліс депутаттары да бұдан былай жұмысты тек қазақ тілінде жүргізуі тиіс деді Президент.

Н.Назарбаев: «Парламент пен Үкіметтің жұмысы тек қазақ тілінде жүруі керек»

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаевты қабылдады деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Президентке «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдау аясында қойылған міндеттердің іске асырылу барысы жөнінде мәлімделді.

Мораторий біткеннен кейін Үкімет жерді шетелдіктерге сатады ма?

Бүгін Мәжіліс Жер  қатынастары туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Алайда Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілердің айтуынша, егін егіп, мал ұстауға арналған телімдерді өзге елдің азаматтарына жалға беру және оны сатуға салынған мораторийдің мерзімі аяқталған соң, Үкімет аталған заң жобасын қайта қарамақ. Бұл туралы КТК телеарнасы мәлімдеді.

Үкімет сағатында депутаттар Бердібек Сапарбаевты мақтады

Бүгін үкімет сағатында мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың жұмысына оң баға берді деп жазады NUR.KZ.

Қазақстан үкіметі тағы 25 млрд теңге қарыз алатын болды

Бұл жолы Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік банктен 25 миллиард теңге несие алғалы жатыр деп мәлімдеді КТК телеарнасы. Ақшаға міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне дайындық жүргіземіз дейді шенеуніктер. Министрліктегілер берешекті алу үшін Сенаттың келісімін алуға келген еді, депутаттардың көбі қарсылық білдірді.

Мұхтар Тайжан Үкіметтен Конституциядағы 26-бапты өзгертпеуді сұрады

Жер реформасы жөніндегі комиссияның құқық мәселелері жөніндегі тобының жетекшісі Мұхтар Тайжан үкімет отырысында Конституцияның 26-бабын өзгертуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Назарбаев істі болған шенеуніктердің әрекетін сатқындыққа теңеді

Бүгін Астанада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Мемлекет басшысы істі болып жатқан ірі шенеуніктер үшін тым қатты алаңдаулы екенін айтты.

Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде

Астанада ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиынға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық етуде. Отырыс кезінде әрбір министр Елбасы алдында атқарған жұмыстарына есеп береді деп күтілуде.