Соңғы жаңалықтар

Үкімет

Бүгінгі Үкіметтің кезінде Қазақстанды ешқандай реформа құтқара алмайды - сауалнама

Дәл қазіргі таңда елімізде Президенттің 5 институционалдық реформасы аясында әзірленген "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Айтулы реформа Қазақстанды дағдарыстан алып шығып, алдағы уақытта дамыған 30 елдің қатарына кіргізуі керек.

Н.Назарбаев мұнай және газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Кеңеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Әкімшілігінің басшысы Н.Нығматулин, салаға жетекшілік ететін ведомстволар мен ұйымдардың басшылары қатысты деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қолмен басқару – дағдарыс кезеңіндегі тиімді тәсіл

Қазақстан Үкіметі дағдарысқа қарсы бірнеше бағыттарда жемісті жұмыс жүргізіп келеді. Соның бірі – өндіріс көлемінің төмендеуіне және жұмысшыларды қысқартуға жол бермеу. Инвестициялар және даму министрлігі мұндай мәселені оң шешу үшін, өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолмен басқару бағытында жұмыс жүргізде.

Үкімет 8 желтоқсанға дейін дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылдайды

Үкімет 8 желтоқсанға дейін дағдарысқа қарсы жоспар мен халықты жұмыспен қамту бағдарламасын қабылдауы тиіс. Бұл туралы ҚР премьер министрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазТаг.

Атамбаев ел үкіметін отставкаға жіберді

Қырғызстанда жаңадан сайланған парламент – Жогорку Кенештің жұмысқа кірісуіне байланысты ел үкіметі отставкаға кетті. Бұл туралы Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың жарлығы шықты деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Жапония үкіметі толық құрамда отставкаға кетпек

Жапон үкіметі өзінің жедел кеңесінде премьер-министр Синдзо Абэнің жаңа мерзімге басқарушы партияның лидері болып тағайындалуына байланысты жаңа министрлер кабинетін құруға үшін толық құрамда отставкаға кетуге өтініш берді, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Қолжетімді киіз үй бағдарламасы - 2040

Елорда да 800 мыңнан астам халық тұрады. Және сол халықтың жартысына жуығы пәтер жалдап тұрады. Ал, биліктегілер  «қалада тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді» деп сендіруде. Тіпті, «Қолжетімді баспана» деген бағдарламасы жариялады. Бірақ, баяғы жартас - сол жартас. Егер бұл мәселе өз шешімін таппаса, қарапайым халық киіз үйге көшуге мәжбүр болады. 

Индустрияландырудың екінші кезеңінде жаңа технологияларға ерекше мән беріледі

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы Мемлекет басшысы айқындаған жаңа экономикалық саясат - «Нұрлы жол» бағдарламасымен, ондағы инфрақұрылымды дамыту жобаларымен ұштасқаны белгілі. Айта кетерлігі, индустрияландырудың бірінші бесжылдығында ұлттық экономика сипаты біршама серпінді өзгерістерге иеленді. Қазақстанда бұрын шығарылмаған жаңа тауар түрлері өндіріліп, еліміздің экспорттық қуатын ұлғайтатын нысандар бой көтерді. Ең бастысы, бірінші бесжылдық аясында жұртшылық жаңа жұмыс орындарымен қауышты. Дегенмен, бірінші бесжылдық аясында салынып, әлі қуатына мінбеген индустриялық жобалар бар. Көрсеткіштер бойынша айтсақ, индустрияландыру бағдарламасының аясында елімізде 770 жоба іске қосылған. Дегенмен, олардың ішінде 200 жобаның өндірістік қуаты әлі де толық пайдаланылмай келе жатыр. Ендеше осының бәрі елдің ертеңгі игілігіне айналытыны сөзсіз.

Сапарбаев Маңғыстау өңіріне ресми сапармен барады

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев «Өзенмұнайгаз» АҚ жерасты қондырғыларды жөндеу бойынша цех және Жаңаөзен қаласының су тазарту стансасының ұжымымен кездесуі көзделген. Сонымен қатар Премьер-Министрдің орынбасары 2014 жылы қолданысқа берілген перзентханаға болмақ.

Ақтөбе облысында ауыл шарушашылығын дамытуға бөлінген қыруар қаржы өз деңгейінде игерілуде

Ауыл шаруашылығы сала­сын дамыту еліміздегі ең маңыз­ды міндет болып табылады.