Соңғы жаңалықтар

Үкімет

Қазына қаржысын тиімді пайдалану жайы талқыланды

Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Ұлттық қордан бөлінген қаржыларды игеру мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Тұрсыновтың тоқмейілси бастағаны ма?

Е.Тұрсынов бекітіле тұра, Қазақ хандығының 550  жылдығы туралы фильмді түсіруден бас тартыпты деп естідік. Бар шаруаны жиып тастап, мерейтойды өткізуге жауапты орынның бәрі жанталасып дайындықты бастағанда, бұл кісінің бұра тартқанын түсінбей қалғанымыз рас.

Президент Үкіметке ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырды

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке биылғы жылы ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«АП» МЫҚТЫ МА, «КПМ» МЫҚТЫ МА?

Сонымен, елімізде мемлекеттік органдарды бір-біріне әбден сапырылыстырып жіберу салдарынан бұттары шидей, қарындары шермиген, мешел, медицина тілімен айтқанда «рахит» министрліктер пайда болды. Енді олардың сапалы жұмыс жүргізуі былай тұрсын, орындарынан қозғалуының өзі мұң болатындай.

Үкімет Жезқазған өңірінің дамуы бойынша арнайы бағдарлама әзірлейді

Жезқазғанның кен өнеркәсібін дамытуға 200 млн. доллардан астам қаражат бағытталады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жезқазған –Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл теміржол желілерінің ашылу салтанаты барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

– Осында, Жезқазғанда болғандықтан, мен өңір туралы сөз қозғамай кете алмаймын. Қала үнемі назарда болды. Соңғы жылдары мыс кені қорының таусылып жатқанына байланысты біз қиындықтарға тап болдық және Жезқазған мыс қорыту комбинаты тоқтауға мәжбүр болды. Мен Жезқазған экономикалық өнеркәсіп өңірінің даму желісі бойынша үкіметке арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырдым. Кен ошағында тұрған ауылдардың тұрғындарын басқа орындарға қоныстандыруға, көлемі екі миллион тонна мыс алу үшін және Жезқазғандағы мыс қорыту зауытын іске қосуға 240 млн. доллар бөлінді, – деп мәлімдеді Елбасы теміржол желілерінің ашылу салтанатында. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының айтуынша, «Қазақмыс» корпорациясына бүгінде тоқтап тұрған жоғарыда аталған зауыттың жұмысшыларын жалақымен қамтамасыз ету тапсырылды.  – Мұндай әлемде ешқашан болған емес. Бір кездері Лондонда көмір өндіру кіріс әкелмегендіктен, шахталар жабылған еді. Нәпақасын тауып отырған 100 мың адам жұмыссыз қалған болатын. Сондықтан жезқазғандықтар оларға көрсетіліп отырған қамқорлық үшін үкімет пен Қазақмыс корпорациясына риза болуға тиіс. Қарашада біз зауытты іске қосамыз (мыс қорыту зауыты – автор ескертп.), адамдар өз жұмысына қайтып оралады, – деді Президент.  Жаңа теміржол бағыттарының ашылуын атап өткен Мемлекет басшысы мұның Қазақстан таңдаған жолдың дұрыстығын көрсететінін айтты.  – Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл желілері өңірдің кейпін тұтастай өзгертіп отыр . Жезқазғанда енді темір жол қозғалысы жанданып, қала өңірлерді бір-бірімен байланыстыратын орталыққа айналады. Бұл қаланың дамуы үшін өте маңызды. Арқалық та көлік тұйығы болмайды. Бұл үлкен бақыт әрі маңызды оқиға. Енді ол республикалық және халықаралық маңыздағы стратегиялық бағытта орналасып отыр. Біз байтақ еліміздің шығысын, орталығы мен батысын, солтүстігі мен оңтүстігін темір жол арқылы берік байланыстырдық. Бұл бизнес үшін де үлкен мүмкіндіктерге жол ашады, – деп атап өтті Елбасы.  Естеріңізге салып өтсек, бүгін Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл жаңа теміржол желілерінің ашылуы болып өтті. Қазақстан Президенті атап өткендей, жоба сомасы 500 млрд теңгені құраған.  Ашылу салтанаты тікелей қосылу арқылы құрылыстың 4 жөнелту нүктесінде: Маңғыстау облысында Бейнеу стансасында, Ақтөбе облысында Шалқар стансасында, Қызылорда облысында Сексеуіл стансасында және Жезқазған қаласында өтті. 

Санкциядан қысылған «Роснефть» Ресей үкіметінен көмек күтіп отыр

Ресейдің «Роснефть» мұнай компаниясының президенті Игорь Сечин үкіметтен АҚШ-тың экономикалық санкциялар салуына байланысты компанияға қаржылай көмектесуді сұрады, деп хабарлайды Today.kz.

Президент «Самұрық-Қазынада» қыз-менеджерлердің көбейіп кетуін сынады

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшылығында бас менеджерлердің орнында жап-жас қыздар отыратынын сынға алды, деп хабарлайды Nur.kz.

Елбасы Үкіметтің жаңа құрылымын құру жөнінде шешім қабылдады

Елбасы Үкіметтің 12 министрлік пен 30 комитеттен тұратын жаңа құрылымын құру жөнінде шешім қабылдады. Жаңадан 5 министрлік құрылатын болады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

Астанада Елбасының төрағалық етуімен Үкімет отырысы басталды, деп хабарлайды skifnews.kz

Ел Үкіметінің құрылымы өзгеруі мүмкін

Жақын уақытта Үкіметтің құрылымдық жағынан өзгеріске ұшырауы мүмкіндігін саясаттанушылар мен сарапшылар жоққа шығармайды, деп хабарлайды «31 арна».