Соңғы жаңалықтар

үйлену
«Менің адамым емес»: Тәуекел Мүсілім 18 жастағы сүйіктісімен айрылысып кеткенін айтты

«Менің адамым емес»: Тәуекел Мүсілім 18 жастағы сүйіктісімен айрылысып кеткенін айтты

Белгілі актер Тәуекел Мүсілім 18 жастағы сүйіктісімен айрылысып кеткен. Бұл туралы ол «Хабар» арнасындағы «Одна история» бағдарламасында айтып берді.

«Ата-анасы ғалымдар»: Тақыр бас қалыңдық кім?

MAKVIN лақап атымен танымал болған әнші Нұрболат Базарбаев үйленді. Ұзату тойында түсірілген видео Желіде қызу талқыланды, қолданушылар қалыңдықтың шаш үлгісіне таңғалған. MAKVIN Tengrinews.kz  порталына өз қалыңдығы жайлы айтып берді.

«Жас қызға үйленді деп сөгу орынсыз»: Абай Бегей өзін сынаушыларға жауап берді

Бірнеше күн бұрын ғана екінші рет үйленіп, дүркіретіп той жасаған әнші Абай Бегей өзін сынағандарға жауап берді.

Оны жұрт жас қызға үйленді деп сөккен болатын. Ал әнші өзінен 16 жас кіші қызға әдейі үйленбегенін айтып, жұрт алдында ақталды.

«Үш жыл бұрын Анам, туған ағам, жан жарым дүниеден өтіп, біраз уақыт есеңгіреп қалған едім. Киналдым, қайғырдым, қажыдым. «Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан» деушілер көп болса да, үйленуден бас тартып жүрдім. Себебі, қыздарым мен ұлымның жүрегіне ауыр жара салудан қорықтым. Ешкімде ананың орнына ана бола алмасын түсіндім. Мен қанша үйленуден бас тартсам да өмірде отбасының ұйытқысы мен берекесі болар бір қисық қабырғаның қажеттігін түсіндім. Менің марқұм әкем мен анамның жас аралығы 16 жас. Өмірге екі қыз, алты ұл дүниеге келген мен кенжесімін. Мен әдейі жас қызға үйленейін деп іздемедім, осылай болды 16 жас. Жас қызға үйленді деп сөгу де орынсыз. Себебі, кімнің кімге жұп болатынын біз анамыздың ішінде жатқан кезде-ақ Алла тағдырымызға жазып қойған», – деп жазды Абай Бегей өз Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, әнші өзінің басқалары секілді қос-қостап әйел алып жатпағанын алға тартты. Сол себептен де желі қолданушыларынан өзін екінші рет үйленді деп жазғырмауларын сұраған.

Айта кетсек, Абай Бегейдің тойы Алматыда өтті. Дүркіреп өткен тойына жақын араластын әншілер мен туыстары қатысқан.

Екінші рет үйленіп, дүркіретіп той жасаған Абай Бегейді жұрт сынап тастады

Күні кеше екінші рет отау құрып, Алматыда дүркіретіп той жасаған белгілі әнші Абай Бегей жұрттың сынына қалды. Әншінің бұрынғы әйелі осыдан үш жыл бұрын ғана қайтыс болған еді.

Жас қызға үйленген әншіге желі  қолданушылары ренжіді. Яғни, оны қайтадан дүркіретіп той жасағаны үшін және бұрынғы әйелінің көз жұмғанына да көп уақыт өтпеді деп сөкті.  

Дегенмен, тойға келген туыстары мен шоу-бизнесте жақын араласатын әріптестері  әншіні құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатты.

Айта кетсек, Абай Бегейдің бірінші некесінен 4 баласы бар. Бірнеше ай бұрын үлкен қызын ұзатқан болатын.

Имам үшінші әйел етіп 11 жасар қызды алды

Малайзия билігі Клентан штатының имамын тексеруге алды деп хабарлайды South China Morning Post.

Абай Бегей үйлену тойының күнін белгіледі

Осыдан 3 жыл бұрын жарынан айрылған Абай Бегей жас қызға үйленетін болды.

Әли Оқапов: «Үйленуден қорқамын»

Халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы әнші Әли Оқапов болашақта өнер адамымен отбасын құруы мүмкін. Бірақ, қазір жасы 27-ге келсе де, ол үйленуден қорқып жүр.

"Қазір үйленетін қыздардың 90 пайызы "қыз" емес": Қазақстандық жігіттер өзіне жар таңдауда көбіне неге мән береді?

Қазақстандық жігіттер өздеріне жар таңдауда көбінесе не мәселеге мән береді? Олар үшін қыздың пәк болуы, ажарлы, сымбатты, бойшаң, бай отбасынан шығуы маңызды ма? Осы жайында Newtimes.kz қазақстандық жігіттердің арасында сауалнама жүргізіп көрді.

Сауалнама барысында жігіттер өздеріне қандай қыздар ұнайтынын ашық айтты. Көпшілігі қыздың пәктігіне аса мән бермейтін болып шықты. Жар таңдауда бірінші әдемілігіне қарайды екен. Сонымен бірге, қыздың әзілге жақын, мінезінің ашық болғаны маңызды дейді. Жігіттеріміз қызбен танысқанда оның материалдық жағдайына да аса көңіл бөлмейтіндерін жеткізді.

Арсен 26 жаста: "Мен үшін қыздың фигурасы маңызды. Оның пәк, таза болғаны дұрыс деп ойлаймын. Бірақ 25-26 жастағы қыздардың пәктігін сақтап қалуы екіталай. Өйткені бұл жаста жыныстық қатынасқа түспеуі мүмкін емес. Одан басқа мен қыздардың байлығына ешуақытта қараған емеспін".

Нұрлан 26 жаста: "Біз 21 ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Қазіргі кезде қыздардың 90 пайызы "қыз" емес. Сол үшін қыздың пәк болуы мен үшін міндетті емес. Тек үйленетін қызымның дене бітімі кішкентай, яғни, қуыршақ сияқты болса деймін. Сонымен қатар, қыздың материалдық жағдайына қарамаймын. Мен өзім бәріне қол жеткізе аламын".

Қайырбек 27 жаста: "Қыздың пәктігіне ешуақытта мән беріп қараған емеспін. Бірақ 20 жаста болып алып, пәктігінен айрылған болса, онда ойлануға тура келеді. Ал 25-тен асқан қыздардың жыныстық қатынаста болғандарын дұрыс деп есептеймін. Қыз бен жігіт сексуалдық жағынан бір-біріне сәйкес болуы керек. Сонда ғана еркек әйелінің көзіне шөп салмайды. Үйленетін қызымның материалдық жағдайына қарамаймын, бірақ молшылықта өскен болса екен деймін. Өйткені маған кедей отбасынан шыққан қыз керек емес".

Танымал әнші өзінен 20 жас кіші қызға үйленді (ФОТО, ВИДЕО)

18 маусым күні танымал эстрада жұлдызы Серіжанәлі Әлібек өзінен 20 жас қызға үйленіп, тойын дүркіретіп өткізді. Қуанышты жаңалығын әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

Шымкентте жыныстық қатынасқа түскен 14 жасар қыз бен 16 жасар жасөспірім үйленетін болды

Шымкентте жыныстық қатынасқа түскен 14 жасар қыз бен 16 жасар жасөспірім үйленетін болды. Жақын арада Шымкентте 14 жасар зардап шегуші қызбен 16 жасар сотталушының үйлену тойы болады. Бұл туралы КТК хабарлады.