Соңғы жаңалықтар

үй

Астанада жеке үйде жарылыс болды – тұрғындар

Астанада жеке үйден өрт шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өзбекстан азаматы алматылық көңілдесінің пәтерін сатып, ұлын өлтірмек болған

Алматылық әйелмен көңіл қосқан Өзбекстан азаматы оның пәтерін алдап сатып, ұлын өлтірмек болғаны үшін 12 жылға сотталды деп жазады ҚазАқпарат.

Мақтаншақсың: Көпшілік Алтынай Жорабаеваның жаңа үйін сөз қылды

«Қуанышты бөліссең көбейеді» дегендей, күні кеше ғана Алтынай Жорабаева қоныс тойын тойлап, құрбыларын жаңа үйіне қонақ қылды. Ал көпшілік болса оның хан сарайындай шаңырағын сөз қылып, таңданыстарын жазуда.

Жолбарыс Сейфуллин Бақыт Шадаеваның үйін алдап тартып алған

Сейфуллин Жолбарыс әріптесі Бақыт Шадаеваның үйін алдау жолымен тартып алған. Әншінің сатуға қойылған үйіне кіріп алған ол, ақысын кейін төлеймін деп уәде берген. Алайда сол күйі сөзінде тұрмаған.

Қабырғалары түскен: Сәкен Майғазиев 21 жыл бұрын тұрған үйін көрсетті (ВИДЕО)

Сәкен Майғазиев өзінің осыдан 21 жыл бұрын Алматыда тұрған үйін көрсетті. Жаңа отау құрған кезін әнші Instagram-парақшасында еске алды.

2016 жылы баспана бағасы қалай өзгереді?

Шикізаттық дағдарыс республиканың жылжымайтын мүлік нарығын да айналып өткен жоқ. Сапаршылардың мәліметінше, келер жылдың көктемінде елдегі тұрғын үй бағасы 20-30 пайызға дейін арзандамақ. Отандық валютаның девальвация көрсеткішін ескере отырып, баспана бағасы 50 пайызға дейін құлдырап кетуі ықтимал деген болжамды алға тартатындар да бар. Төмендегі факторлар 2016 жылы жылжымайтын мүлік бағасының өзгеруіне тікелей әсер етпек.

Атышулы «Бесобаның» орнына салынған үйдің тұрғындары тағы да наразы

«Бесобаның» орнына жаңадан тұрғызылған «Шапағат» көпқабатты үй кешенінің тұрғындары тағы да наразы. Соңғы күндері жауыннан пайда болған сумен алысқан тұрғындар әкімшіліктің қолдауымен салынған үйлерге көңілдері томауда, деп хабардайды 31 телеарна.

Шымкент қаласы әкімінің не үйі, не жеңіл көлігі жоқ

«Нұр Отан» партиясының талабына сай, иелігіндегі мүлкін жария еткен шымкенттік әкімдердің біразының басында үйі жоқ, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҮШЕМДЕРГЕ ҮЙ КЕРЕК НЕМЕСЕ ЕСІМІҢІЗ КІМ?

Жақсылықтың нышаны шығар, кешелі бері Парламент халыққа шындап бұрыла бастағандай әсер қалдыруда. Алдымен тіл мәселесін көтерген депкорпус артынша тұтас ұлт мәселесін көтерді. «Өмірге бірден үш бала және одан да көп бала әкелген аналарға кезексіз пәтер беретін заң керек» деп көтерілген мәселені өз басым ұлт мәселесін шешуге жасалынған қадамдай қабылдадым. Бұл орайда әсіресе Мәжіліс депутаты Нұртай Сәбиляновтың белсенділігі жоғары. «Өмірге үшем әкелген аналарға пәтерді жергілікті әкімдіктер мен жанашыр азаматтар беруі мүмкін. Бірақ, мұндай жағдайда алалауға жол беріледі. Сондықтан мұны заңдастыру керек» дейді депутат. Ал, оның әріптесі Алмас Нұртаев «тым болмаса оларға екі бөлмелі пәтер беруді қарастыру керек» деп мәселені одан әрі нақтылайды.