Ұлттық банктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл шешімді қабылдауға геосаяси жағдайдың белгісіздігі мен салдары, сондай-ақ әлемде азық-түліктің жоғары бағалары сақталып отырған сыртқы ортаның факторлары негіз болды.
Наурыз айының басында халықаралық Visa және MasterCard төлем жүйелері Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты Ресей аумағында қызметін тоқтатқанын мәлімдеген.
Қазақстан аумағында қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын тек екінші деңгейлі банктер мен лицензиясы бар ақша айырбастау пункттері ғана жүргізуге құқылы.