Парламент Сенаты Ұлттық банк тқрағасы лауазымына Ерболат Досаевтың кандидатурасын мақұлдады деп жазады Tengrinews.kz.
Ұлттық Банк 28 қарашадан бастап «Көкбөрі» коллекциялық монетасын айналымға шығарды деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Алматыда сот «Qazaq Banki» АҚ тарату туралы қаулы шығарды деп жазады ҚазАқпарат.
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк өкілдеріне қазақстандық банктерге 600 миллиард теңге бөлуді тапсырды деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстан үкіметі мен Ұлттық банк 20 қыркүйекте «аграрлық секторды сауықтыру және «Цеснабанктің» тұрақтылығын нығайту механизмін» бекіткенін хабарлады. Елде активінің көлемі жөнінен екінші ірі банк саналатын «Цеснабанктен» 450 миллиард теңгенің (шамамен 1,25 миллиард доллар) ауыл шаруашылығы несиесі сатып алынады деп жазады Азаттық.
Ұлттық банк «Астана Банкі» АҚ-ты банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдады деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ұлттық Банктің бастамасы бойынша 2018 жылғы 16 шілдеден бастап Банктер туралы заңға ипотекалық қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты банк шотын жүргізгені үшін банктердің комиссиялар белгілеуіне және алуына, сондай-ақ Заңның нормасы қолданысқа енгізілгеннен кейін жеке тұлғалармен жасасқан ипотекалық қарыз шарттары бойынша банк шотына қарызды есепке алуға тыйым салу енгізілді деп жазады 24.kz.
Қазақстанның Ұлттық банкі теңге бағамы төмендейді және инфляция деңгейі өседі деген қауесетке қатысты мәлімдеме жасады деп жазады Tengrinews.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық банк банк секторын құтқару үшін 1,2 триллион теңге шығынға батты. Ал таза пайыздық шығын 169 миллиард теңгеден асып кетіпті. Бас банк жариялаған мәліметке сүйене отырып, осындай тұжырым жасауға болады деп мәлімдейді КТК телеарнасы.
"Астана Банкі" АҚ-тың жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясы тоқтатылды деп хабарлайды ҰБ баспасөз қызметіне.