Данияр Ақышев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Ұлттық банк басшысы болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бүгін, 2 қарашада Қазақстан сенаты пленарлық отырыс барысында Ұлттық банктің төрағасын тағайындауға келісім беру мәселесін талықлайтын болады. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Қазақстан жаңалықтары» АА хабарлайды.
Қазақстан Ұлттық Банкі төлем карталары бойынша банкаралық операцияларға қызмет көрсетуге арналған ұлттық (банкаралық) инфрақұрылымды құру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға кірісті. Бұл отандық төлем нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету және жұмысының тиімділігін арттыру үшін жүзеге асырылады деп хабарлайды Ұлттық банк баспасөз қызметі.
Қазақстанның ұлттық банкі келесі жылы баяулаған экономикалық өсімді қолдау мақсатында мемлекеттік зейнетақы қорынан 1 триллион теңге (3,6 миллиард доллар) алады деп мәлімдеді Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы Қайрат Келімбетов.
Қазан айының 1 күнінен бастап Ұлттық Банктің коммерциялық емес еншілес ұйымы болып табылатын «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ операциялық қызметіне кірісті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Бүгін «Ұлттық Банк төрағасы Қайрат Келімбетов қызметінен кетпек. Бұл жақын арада орын алуы керек. Барлығы Назарбаевтың келуін күтуде» деген ақпарат тараған болатын. Алайла, ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі БАҚ-тың бұл ақпаратын растамайды.
Қазақстанның Ұлттық банкі 20 000 және 50 000 теңгелі банкноттарды айналымға шығаруды жоспарлап отырған жоқ екендігін айтты.
Ұлттық банктің Қазақстан қор биржасындағы саудаға араласып, доллар бағамының қымбаттауына тосқауыл болуы мұнай бағасы барреліне $100 болмайынша, жалғаса бермек.
Ұлттық банк қазақстандықтарды алдағы демалыс күндері валюталық операциялар жасамауға шақырды.Бұл туралы бүгін Астанада ақша-несие саясаты мен қаржы нарығындағы жағдайға байланысты өтіп жатқан брифинг барысында Ұлттық банк өкілі мәлімдеді, деп жазады Тengrinews.kz