Соңғы жаңалықтар

Ұлттық Банк

Ұлттық банк айырбастау пунктерін жазалауға уәде берді

Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетов 19 тамызда сатып алу-сату бағамын түзеткені үшін айырбастау пункттерін жазалауға уәде берді. Бұл туралы "Казинформ" АА сілтеме жасап Skifnews.kz хабарлайды.

Қазақстан валюта дәлізін алып тастады

Кәрім Мәсімов валюта дәлізі алып тасталып, теңге бағамы еркіне жіберілетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Президент Келімбетовке кемшіліксіз жұмыс жасауды тапсырды

Бүгін Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлайды akorda.kz. Кездесу барысында Қ.Келімбетов елдің қаржы секторы мен банк жүйесінің ахуалы туралы баяндады.

«Абай» естелік монетасын айналымға шығарды

Бүгіннен бастап Қазақстан Ұлттық Банкі «Монетадағы портреттер» сериясы бойынша 500 және 50 теңгелік «Абай» естелік монетасын айналымға шығарды. 500 теңгелік монеталар «proof» сападағы алтын мен күмістен жасалса, 50 теңгелік монеталар нейзильбер балқымасынан құйылған.

Доллар дәлізі 198 теңгеге дейін кеңейтілді

ҚР Ұлттық банкі теңгенің долларға шаққандағы дәлізін 1 доллар үшін 198 теңгеге дейін кеңейтті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті. 

Ұлттық банк теңге бағамын өзгертпек

ҚР Ұлттық банкі теңге бағамының қазіргі ауытқу дәлізін өзгерту туралы шешім қабылдауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов Ислам қаржысы жөніндегі қазақстандық конференцияның сыртында журналистермен әңгімелесу кезінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жыл басынан бері Ұлттық Банктің алтын-валюта қоры 9,2 пайызға өсті

ҚР Ұлттық Банкінің алтын-валюта резервтері бойынша серпін оң болып табылады, деп хабарлайды Skifnews.kz.