Ел үкіметі тағы да Ұлттық қорға қол салып жатыр. Осылайша бюджеттің жыртығын жамаймыз дейді олар.
Брюссельдің бірінші инстанциядағы соты Қазақстанның мәлімдеуінше алдаумен алынған ҚР Ұлттық қоры активтерінің шамамен 21,5 миллиард АҚШ доллары сомасынан алдын ала тыйым салуды жойып, 530 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қалған қаражаттан шектеуді ағылшын соттарында алып тастауға болады деп ұйғарды.
Голландияның соты Қазақстан Ұлттық қорының 22 млрд долларын бұғаттау туралы шешімнің күшін қайта жойды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Ұлттық қордың басшысы Өмірзақ Шөкеевтің бұйрығымен Балжит Каур ханым басқарушы директор лауазымына тағайындалды. Ол Kuwait Investment Authority & Kuwait Finance House, ABN AMRO Bank, Maybank Malaysia және Deutsche Bank секілді халықаралық коммерциялық құрылымдарда 14 жыл тәжірбиесі бар кәсіби маман деп хабарлайды dailynews.kz порталы.