Соңғы жаңалықтар

әкімдік

Шымкент қаласын дамытудың жаңа концепциясы бекітілді

Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі, баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрлыбек Жеңісбек Шымкент қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму концепциясы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг өткізді.

Маңғыстау облысында баға мониторингін жүргізетін мобильді топтар құрылды

Ақтауда күннің екінші жартысында инфлциялық трагеттеуге байланысты жағдайды реттейтін облыстық штабтың құрылатыны туралы жария етілген баспасөз мәслихаты өтті.

Астанада қалдықтарды шығару бойынша аймақтық бағдарлама дайындалуда

Астана қаласы Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, Мемлекет басшысының Астанада қоқыс өңдеу саласын модернизациялау бойынша тапсырмасын жүзеге асыру аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Ауыл әкімдіктерінің дербес бюджеті болады

Оңтүстік Қазақстан облысында Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадамды» халық арасында түсіндіру мақсатында бес ақпараттық-насихаттық топ құрылғаны белгілі. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садыр бастаған топ Сарыағашта  мемлекеттік қызметкерлермен кездесті.

Жыл соңына дейін Маңғыстау облысында жолдардың басым бөлігі жөнделеді

Маңғыстау облысында 2015 жылдың соңына дейін жергілікті және республикалық маңызы бар жолдардың 80 пайыздан астамы жөндеуден өтеді. Бұл туралы бүгін Маңғыстау облысы Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары Тұрбек Спанов хабарлады.

Жыл басынан бері Астанада 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

Астана қаласында ағымдағы жылдың 1 тамызына қараған жағдайға сәйкес  10 530 жаңа жұмыс орындары ашылды, Соның ішінде өнеркәсіп саласында - 827, сауда - 2 418, көлік және байланыс саласында - 679, білім және денсаулық сақтау саласында - 1 741, құрылыс және коммуналдық шаруашылығы саласында - 1 678 орын ашылса, 3 187 жұмыс орыны басқа да қызмет салаларында құрылған.

Қарағанды келбетін өзгертпек

Басқа басқа, мекен еткенімізге қырық жылдай болып қалған Қарағандының көз алдыдағы өзгерісі өзімізді де таңдандырмай тұрмайды. Әсіресе, соңғы жылдардағы өзгеруін ғажайып құбылысқа тең көрініс пе дерсіз. Ал сәулетшілердің жаңа жобалары бойынша одан сайын шырайлана түспектігі бөлек бір әңгімеге арқау болады.

«Smart Astana» тұғырнамасы бойынша тағы бірнеше жоба іске қосылды

Елбасы Астананы болашақ қаласы ретінде дамытудың «Smart City» – «Ақылды қала» халықаралық форматының «Smart Astana» жобасын 2017 жылға дейін іс жүзіне асыру міндетін қойған болатын. Міне, осы келелі міндетті орындау мақсатында Астана қаласының әкімдігі «Smart Astana» тұғырнамасы аясында бірнеше ірі жобаны іс жүзінде асыруда.

Көкшетау әкімдігіндегі мүгедектер автотұрағына «Лексус» джипі тұрып алған

Бүгін Көкшетау қалалық әкімдігінің автотұрағы мүгедектерге кедергісіз келешек жасаудың «жарқын» үлгісін көрсетті. Тек таңдаулыларға бұйыратын нөмірі бар «Лексус» мүгедектерге арналған тұраққа жалпағынан жатып алыпты, деп хабарлайды BNews.kz.