Соңғы жаңалықтар

әкімдік
Алматыда көп балалы аналар әкімдікке келді (ВИДЕО)

Алматыда көп балалы аналар әкімдікке келді (ВИДЕО)

Бүгін Алматының Алатау ауданы әкімдігіне ондаған көп балалы ана жиналды. Азаттыққа хабарлауынша, келгендер аудан әкімімен кездесуге жиналған. Алайда, әкім Шахмерден Рыспаев қала әкімдігіндегі жиналыста болғандықтан аналардың алдына оның орынбасарлары шықты.

Алматы билігі көпбалалы аналармен тағы кездесті

Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасында көпбалалы аналардың қатысуымен кезекті рет басқосу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Баспана керек» : Астаналық көпбалалы аналар талаптарының орындалуын талап етті (ВИДЕО)

Күні кеше ғана Астана қаласының әкімдігі көпбалалы аналарға жиын өткізуден бас тартып, оларды жеке-жеке қабылдайтындарын мәлімдеген. Бірақ бұған келіспеген олар Астана концерт залына жиналып, қала әкімін ашық сұхбатқа шақырды. Оқиға орнынан Азаттық радиосы тікелей эфирге шықты. 

Талдықорғанда 2 мың теңгеге күн көріп жүрмін деген әйел әкімдік алдында өзін өртеп жіберетінін айтты

Талдықорған қаласында үшбалалы ана ВИЧ-пен ауыратын әкесіне қарап, жанұясымен екі мың теңгеге күн көріп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Астана әкімдігі қытымыр аязға байланысты тегін такси ұйымдастырады

Қала әкімдігі үнемделген қаражат есебінен Astana Taxi-мен бірлесіп «Жылы сапар» акциясын өткізеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласы Қалалық ортаны регенерациялау басқармасына сілтеме жасап.

Қызылорда облысының әкімі үш басқармаға жаңа басшы тағайындады

Қызылорда облысында үш басқарманың басшысы тағайындалды деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе қаласының әкімдігі де жаңа жылдық корпоративтен бас тартып, қайырымдылық шарасын ұйымдастырмақ

Ақтөбе қаласының әкімдігі де жаңа жылдық корпоративтен бас тартып, қайырымдылық шарасын ұйымдастырмақ деп жазады Zhasalash.kz.

«Алматы – адалдық алаңы» жобасы бастау алды

Елбасының «Қазақстандық әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» атты халыққа жолдауын жүзеге асыру аясында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен және Алматы қаласы әкімдігі қолдауымен «Алматы-адалдық алаңы» жобасы іске қосылды.

Заңгер «митингке рұқсат бермеді» деп Астана әкімдігін сотқа берді

Желтоқсанның 19-ы күні Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық сотында заңгер Антон Фабрыйдың шағымы бойынша Астана қаласы әкімдігінің митинг өткізуге рұқсат бермеу туралы қаулысына қатысты сот тыңдауы басталды. Судья Қымбат Алпысбаева өзін және процесске қатысып отырған Сарыарқа аудандық прокурор көмекшісі Айдана Нұртазанованы суретке түсіруге тыйым салды деп жазады Азаттық.

Маңғыстау облысы әкімдігінде жаңа тағайындаулар болды

Бүгін Маңғыстау облысы әкімдігінің аппараттық жиынында жаңа тағайындаулар болды деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.