Соңғы жаңалықтар

әкімдік

От жақсаң қорқасың өліп қаламын ба деп: Астанада әкімдікке алданған жұрт шу шығарды

Тұруға жарамсыз үйді, жарамды деп тапқан! Бүгін Астана шетінде орналасқан ескі үйдің тұрғындары әкімдікті осылай айыптады. Айтуларынша былтыр 5 қабатты үйді атқаменерлер сүріп тастап, орнына басқа пәтер береміз деген. Бірақ, енді мұнысынан айнып қалған көрінеді. Тіпті, әбден тозығы жеткен үйде әлі біраз жыл тұруға болады деген қорытынды шығарыпты. Енді Елордада тұрып, сусыз, жылусыз отырған халық қыстан қалай шығамыз деп алаңдап отыр деп мәлімдейді КТК телеарнасы. 

Астананың шетіндегі 5 қабатты мына үй кезінде орталық жылу жүйесіне қосылған болатын. Бірақ, маңайындағы үйлердің барлығы сүріліп, жалғыз қалған соң одан ажыратылыпты. Сондықтан, тұрғындар пәтер ішіне пеш салып алып, көмірмен баспанасын өздері жылытып отыр. Төлтай Өтеулина солардың бірі.

– Көмірді саламыз бірақ тартпайды. Білмеймін не істейтінімді осы пешті. Үйде осы қалпымызбен жатамыз осы қалпымызбен тұрамыз міне. Енді не істейміз өлеміз ба? Ал, от жақсаң қорқасың угар келіп өліп қалам ба деп?! Қайта-қайта тұрасың, қайта-қайта тұрасың, – деді Астана қаласының тұрғыны Төлтай Өтеулина.

Ал, от жақпайтындарға мүлдем қиын. Өйткені, азынаған пәтерін электр пешімен жылытуға мәжбүр. Сондықтан тоқ үшін төлейтін теңгелері ондаған мың. 

– Осы айға бізге 71 мың 600 теңге келді. Отопление электрический бізде. Өткен айдыкі 52 мың 680 теңге қарызымыз бар. –Общий қанша келіп тұр? –Общий 124 мың 290 теңге екі айға келіп тұр, – дейді Астана қаласының тұрғыны Қуаныш Молдабаев.

Жалпы, тұрғындары алаңдатқан жылу ғана емес. Мұнда ыстық суды қойып, екі күннің бірінде суық су жоқ. Үйдің де әбден тозығы жеткен.

– Мен 5-ші этажда тұрамын. Стенкалардың барлығы жарық-жарық. Түрлі нәрселерді арасына тығып-тығып тастадық. Жаңбыр болғанда ылғи су ағады. Сондықтан мен ылғи бәрін топить етем. Менде балалардың барлығы ауыру міне шындап келгенде.

Негізі «Өндіріс» ауданындағы өзге тұрғын үйлер ескірген соң, толық сүрілген. Тек, 5 қабатты осы үй ғана қалыпты. Аудандық әкімдік мұны да былтыр қиратып, тұрғындарды басқа пәтерге көшіреміз деп уәде еткен екен. Бірақ, енді мұнысынан айнып қалыпты. Тіпті, ескірген үйде жылу, ыстық су мен газға дейін барын айтып, тұруға жарымды деп тапқан.

– Мынаны жазған адамның ұяты бар ма? Беті бар ма? Қандай жылу? Қандай ыстық су? Қандай газ?

Енді ашулы жұрт қыстан қалай шығамыз деп қорқып отыр. Сондықтан әкімдік жылдамырақ үй мәселесін шешсе дейді. Бірақ, атқамінерлер бұған қатысты әзірге жауап қатқан жоқ.

 

Астанада үздік хоккейшілер бас қоспақ

Құрлықтық хоккей лигасының үздік ойыншылары 10 қаңтар күні Астанада бас қосады деп мәлімдейді елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана әкімдігінің таксимен қашан жүретіні белгілі болды

Келесі жылы Астаеа әкімдігі қызметтік көліктің орнына таксидің қызметіне көшіп, бюджет қаражатын үнемдеуді көздеп отыр деп мәлімдеді елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

ШҚО әкімдік қызметкері күйеуін пышақтап өлтірген

Зырян ауданындағы отбасылық жанжал кісі өлімімен аяқталды. Аудандық әкімдіктің 28 жастағы заңгері күйеуін пышақтап өлтірген. Бұл туралы  YK-news.kz хабарлайды.

Ақтау әкімдігінің күзет қызметкері өзін атып өлтірген

Ақтау қалалық әкімдігінің күзет қызметінде жұмыс істейтін әйел қызмет орнында өзін атып өлтірді деп хабарлайды "Тумба" порталы қаланың полиция басқармасына сілтеме жасап.

Оңтүстікте қоғамдық көліктер жаңа жүйемен жұмыс істемек

Шымкент қаласындағы қоғамдық көлік қызметіне электронды билет жүйесі енгізілетін болады. Бұл жобаны іске асыру үшін қала басшысы Кореялық «KoreaSmart Card» компания өкілдерімен келісім жасасты.

Шымкент қаласын дамытудың жаңа концепциясы бекітілді

Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі, баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрлыбек Жеңісбек Шымкент қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму концепциясы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг өткізді.

Маңғыстау облысында баға мониторингін жүргізетін мобильді топтар құрылды

Ақтауда күннің екінші жартысында инфлциялық трагеттеуге байланысты жағдайды реттейтін облыстық штабтың құрылатыны туралы жария етілген баспасөз мәслихаты өтті.

Астанада қалдықтарды шығару бойынша аймақтық бағдарлама дайындалуда

Астана қаласы Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, Мемлекет басшысының Астанада қоқыс өңдеу саласын модернизациялау бойынша тапсырмасын жүзеге асыру аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Ауыл әкімдіктерінің дербес бюджеті болады

Оңтүстік Қазақстан облысында Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадамды» халық арасында түсіндіру мақсатында бес ақпараттық-насихаттық топ құрылғаны белгілі. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садыр бастаған топ Сарыағашта  мемлекеттік қызметкерлермен кездесті.