Соңғы жаңалықтар

әлем

Әлем экономикасының өсімі бәсеңдемек

Халықаралық валюта қоры әлем экономикасының өсіміне қатысты болжам көрсеткіштерін төмендетті, деп хабарлайды «Азаттық».

Жапония үкіметі толық құрамда отставкаға кетпек

Жапон үкіметі өзінің жедел кеңесінде премьер-министр Синдзо Абэнің жаңа мерзімге басқарушы партияның лидері болып тағайындалуына байланысты жаңа министрлер кабинетін құруға үшін толық құрамда отставкаға кетуге өтініш берді, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Әлемнің жетекші мұнай компаниялары шығындарын қысқартуда

Әлемдік мұнай компаниялары шығындарын 100 млрд. долларға дейін қысқартып жатыр.  Бұл туралы  бүкіләлемдік мұнай кеңесінің президенті Йозеф Тот мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Латвияның жаңа президенті сайланды

Латвия сеймі ел президенті ретінде Раймонд Вейонисті сайлады, ол бұған дейін қорғаныс министрлігін басқарған, деп хабарлайды Би-би-си. 

Ұлты бірдің ұғымы бір деп кім айтады?!

Төрткүл дүние астаң-кестең төңкеріліп, әлдінің әлсізге күш көрсетуі белең алып, әлемдік ықпалдастықтың жаңа бөлінісі жүріп жатыр бүгінде. Жарты ғасырдан бері жалғасып келе жатқан Таяу Шығыстағы қақтығысты айтпаған күннің өзінде, беріде бес-алты жылдың бедерінде Араб әлемі сойқан соғыстың ортасында қалды емес пе? Былтырдан бері ықпалдастықтың эпицентрі бұрынғы кеңестік кеңістік ортасына да көшкендей. Украинадағы соғыс осының айғағы.

ХХІ ғасырдағы сүниттер мен шииттер қақтығысы қайда барады?

ХХІ  ғасырда  мұсылман елдері үлкен қайғыға душар болды десем, артық айтпаған болар едім – сүниттер мен шиттердің арасындағы қақтығыс үдеп барады.

Несие − басқару құралы

Дағдарыс. Осы сіз бір заңдылықты байқайсыз ба? Біздің елде дағдарыс қалай басталады, солай ашық түрде де, жасырын түрде де несие алу насихаттала бастайды. 2008 жылы бүкіләлемдік қаржы дағдарысы басталды. Қаржылық құрылымдар дағдарып тұрғанда, әлбетте, жұртқа ақша берілмейтіні аян. Дегенмен, Қазақстан Үкіметі Ұлттық қордан ақша бөліп, банктерді қаржыландыра бастады, ал олар халыққа оңды-солды несие берді.

ӘЛЕМДІ ... ЖЫН КЕЗІП ЖҮР

Шашы мен мұртын алып тастасаңыз түрі аумаған уахаб болып шығатын Карл Маркс деген шал бір кездері «Еуропаны елес кезіп жүр» депті. Қалай болғанда да, «қарт» құрлықты бірнәрсенің кезгені рас, алайда, ол ешқандай да елес емес еді. Маркстің елес деп отырғаны кәдімгі  жын болатын. Бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс шал оның жын екенін білмеді емес, білді. Білетіні, ол жын өзінің және мүдделестерінің жыны еді, тек оларын айтарға «коммунизм елесі» деп әдемілеп қойды. Осылайша ол жын тұтас адамзаттың көзіне коммунизм болып көрінді, коммунизм болып елестеді.

Әлемдегі ең бай адам анықталды

Мексикалық миллиардер Карлос Слим жер бетіндегі ең бай адам деп саналады, деп хабарлады Forbes журналы.