Соңғы жаңалықтар

әскери
«Еш нәтиже жоқ»: арыстықтар құрылыс қарқынына наразы

«Еш нәтиже жоқ»: арыстықтар құрылыс қарқынына наразы

Ауылдағы 550 үйдің ішінде зардап шеккен 19 үйге жөндеу жүрген. 100 үйдің тұрғыны «үйіміз бүлінді» деп шағымданғанмен комиссия растамаған.

Әскерилер мен ішкі істер қызметкерлерінің жанжалы желілерде тарап кетті (ВИДЕО)

Uztime арнасының YouTube платформасына жүктеген видео Карши ауданының «Агора» базары маңындағы автотұрақта түсірілген.

«Марқұмның ішін тіліп, ішек-қарнын алып, қайта тігіп қойған»: әскери бөлімдегі сарбаздың өлімі күдік туғызды

Жауынгердің қазасынан кейін марқұмның отбасына материалдық жәрдем де бермеген. Ол үйдің үлкен баласы болған, әкесіз өскен екен.

ШҚО-да әскери жігітімен банкоматқа кеткен келіншек жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен

Осыдан бірнеше жыл бұрын Күршім ауылының тұрғыны Мамырбекова Гүлжан Тынымханқызы хабар-ошарсыз кеткен еді. 2011 жылдың 19 сәуірінде банкоматтан ақша шешіп, кішкене баласына тамақ аламын деп үйінен шығып кеткен жас келіншек үшті-күйлі жоғалған. Бүгін туыстары мен үйдегі қос құлыншағының Гүлжанды іздеп, күтіп жүргендеріне тұп-тура 8 жыл толып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс.

Ресей аннексиялап алған Қырым соты Украинаның үш теңізшісін екі айға қамады

Ресей аннексиялап алған Қырым соты Керчь бұғазында тұтқындалған Украинаның үш теңізшісін екі айға қамады деп жазады Азаттық.

Ақтауда асылып өлген әскериге қатысты Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді

Бұған дейін 9 қазанда Ақтаудағы №25425 әскери бөлімі қызметкерінің асылып өлгенін жазған болатынбыз. Осыған қатысты ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Польшада әскери жойғыш ұшақ құлады

Палсенк елді мекенінің маңындағы Варминско-Мазурск воеводасында Польша ӘӘК-нің МиГ-29 жойғыш ұшағы құлады деп хабарлайды Польшаның қорғаныс министрлігі.

Қайғылы оқиғаның түнгі екіде болғаны хабарланып отыр, ұшақ жоспарлы ұшып-қону операциясын жүргізу барысында белгісіз себептермен басқаруды игере алмай, құлаған да өртенген.

"33 жастағы пилот Сакув елді мекенінде катапульталанған, бірақ аман қала алмаған", - делінген қорғаныс министрлігінің хабарламасында. Ведомство өкілдері пилоттың 800 сағаттай ұшу өтілі болғанын, оның 500-ін МиГ-29-бен ұшқанын айтты.

Марқұмның туыстарына қайғылы оқиға жайлы естірткен. Апаттың мән-жайы анықталып жатыр.

Дереккөз: Sputnik Беларусь

Оралда әскерилерге діни экстремизмнің алдын алу мақсатында түсіндіру шарасы өтті

Оралда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 2016-2018 жылдарға арналған заң бұзушылықтардың алдын-алу жоспары шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Гвардиясы «Батыс» аймақтық қолбасшылығының 5517 әскери бөлімі арнайы шара өткізді. Кездесу «Қазіргі қоғамдағы діннің рөлі және әскери ортадағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» атты тақырыпта өтті.

Сіміріп тастады: Әскери шенін жуып, ішімдік ішкен әйелдер қатты сынға ұшырады (ВИДЕО)

Әскери форма киіп, ішімдікті сіміріп ішкен үш әйел жұрттың ашуына тиді.  Олардың видеосы Instagram-парақшасындағы kazakstanda тобында жарияланды.

Өскеменде мас әйел әскериге пышақ ала жүгірген

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты №5518 әскери бөлімнің үш адамдық жасағына мас әйел бәкімен шабуыл жасаған деп мәлімдейді ҚазАқпарат.