Алматыда үш әйелді өлтірген қанішердің ісіне байланысты сот отырысы басталды. Өткен жылы апалы-сіңлілер мен жас қыз қылмыскердің құрбаны болған еді. Ер адам оларды қатігездікпен өлтіріп тастаған деп мәлімдейді КТК арнасы.
Египеттің апелляциялық соты өлім жазасына кесілген Мұхаммед Мүрсидің 149 жақтасының үкімін жарамсыз деп тауып, оларды әзірге өлтірмейтін болып шешті. Сотталғандар 2013 жылы полицейлерді өлтірді деп айыпталған болатын.
Қытайлық Тань Юнчжи бала сату бизнесімен айналысқаны үшін өлім жазасына ал оның серіктестері ұзақ мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Бұл туралы "Диапазон" жазады.
Былтыр желтоқсан айында Пәкістанның Пешавар қаласындағы училищеге лаңкестік шабуыл жасалып, салдарынан 140 адам қаза тапқан болатын. Осы оқиғаға қатысы бар деп ұсталған күдіктілерді ел билігі өлім жазасына кескен. Кеше солардың төртеуінің үкімі жүзеге асырылды деп хабарлайды Reuters.