Соңғы жаңалықтар

Өскемен

ШҚО-да болған жол апатынан 4 адам зардап шекті

Өскемен - Семей автожолында төрт автомобиль соқтығысқан. Семейден келе жатқан Land Cruiser Prado көлігінің 47 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, Kia Picanto келе жатқан қарсы бағытқа шығып кеткен. Көліктер бетпе-бет соғысты, жол талғамайтын көліктің артынан келе жатқан BMW және ВАЗ-2114 автокөліктері соғылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтының тілшісі.

Өскемен тұрғыны шұлық ұрлап, 1,5 жылға сотталды

Өскемен қаласындағы әмбебап орталық дүкенінен 23 жұп шұлықты ұрламақ болған әйел сотталды. Бұл туралы қалалық №2 сотқа сілтеме жасап  YK-news.kz тілшісі хабарлайды.

Өскеменде қарақшылар кәсіпорындарды 1 жыл бойы тонап келген

Ағайынды екі жігіттен құралған қылмыстық топ өткен жылдан бері 18 кәсіпорынды тонап, 40 миллион теңгеге залал келтірген деп жазады YK-news.kz.

ШҚО-да 5 балдық жер сілкінісі тіркелді

Шығыс Қазақстан облысында магнитудасы 5 балл болатын жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан ұлттық мәліметтер орталығына сілтеме жасап. Жерасты дүмпуі 28 желтоқсан күні 00:39-да орын алған.

Картоп пен тосап ұрлаған ШҚО тұрғыны 5 жылға сотталуы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны 5 қап картоп пен бірнеше банка тосап ұрлағаны үшін 5 жылға сотталуы немесе 3 мың АЕК көлемінде (5 миллион 946 мың теңге) айыппұл төлеуі мүмкін. Бұл жайында ШҚО ІІД баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Каспийден Алтайға дейін экспедициясы Шығыс облысында

Қазан айының 1 жұлдызында Елбасымыздың тапсырмасымен Ақтау қаласында бастау алған «Менің Елім-Мәңгілік Ел» Каспийден Алтайға дейін» Республикалық автоэкспедициясы 7 аймақты басып өтіп, кеше Шығыс өңіріне де келіп жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Өскеменде «Жер 2014» республикалық оқу-жаттығуы өтеді

11-12 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысының  Өскемен қаласында «Шығыс Қазақстан облысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға басқару органдарын және азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштерін дайындау» тақырыбында «Жер 2014» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Астанадан Қызылорда мен Өскеменге тальго пойызы жүретін болды

Астанадан Қазақстанның тағы екі аймағына «Тальго» жүрдек пойызы қатынайтын болды. Биылғы жылдың соңына дейін Қызылорда мен өскемендік жолаушылар да бұл пойыздың қызметін пайдалана алады. Сондай-ақ, «Алматы-Өскемен» бағытында да «Тальго» пойызы қатынамақ, деп хабарлайды Skifnews.kz

Абайдың туған күні тойланды

Өскеменнің орталық алаңында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 169 жыл толуына орай «Абай күні» мерекелік іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Bnews.kz.

10-11 тамызда Қытай делегациясы Өскеменде бірқатар шараларды өткізеді

10-11 тамызда қалада көрме-жәрмеңкелер мен Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласынан концерттік бағдарламалар өтеді, деп хабарлады қаланың әкімдігінде.