08.03.2023, 03:30

Түркияда қатарынан үш жер сілкінісі болды

Фото: edition.cnn.com
Бұған дейін БҰҰ Түркиядағы жер сілкіністерінің шығыны 100 миллиард доллардан асуы мүмкін екенін айтқан.

Түркияның Кайсери қаласында 6 минут ішінде қатарынан үш жер сілкінісі болды. Бұл туралы елдің төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап TRT арнасы мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

Алғашқы жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 14:47-де тіркелді. Оның ошағы Инджесу округінде болды. Жер сілкінісінің магнитудасы 4,7, 4,4 және 4,3 бірлікті құрады. Жақын провинцияларда да сезілген жер сілкіністері 12 шақырым тереңдікте болды. Зардап шеккендер мен ғимараттардың құлағаны туралы ақпарат әлі түскен жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін БҰҰ Түркиядағы жер сілкіністерінің шығыны 100 миллиард доллардан асуы мүмкін екенін айтқан.