Грузияның Ішкі істер министрлігі 7-8 наурыз күндері елде өткен қарсылық акциялары кезінде ұсталған барлық адамның босатылғанын хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Грузиядағы митингілер кезінде құқық қорғау органдарына қарсылық көрсетті және ұсақ қылмыстар жасады деген айыппен 130-дан аса адам ұсталған. Олардың барлығы 7-8 наурызда қамауға алынған.
Еске салсақ, Грузия парламенті апта басында бірінші оқылымда мақұлдаған «шетел агенттері» туралы заңға байланысты басталған Тбилиси орталығындағы наразылық акциясы ушығып, екінші күнге жалғасты.
Сосын «Грузин арманы-Демократиялық Грузия» билеуші партиясы жаппай наразылықтан кейін Грузия парламентінен шетелдік агенттер туралы заң жобасын алып тастау жөнінде шешім қабылдады.