16.03.2023, 10:20

Түркиядағы су тасқыны: 14 адам қаза тапты

Фото: aa.com.tr
Түркияда су тасқынынан 14 адам қаза тауып, бес адам із-түзсіз жоғалды.

Түркияда су тасқынынан 14 адам қаза тауып, бес адам із-түзсіз жоғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Шанлыурфада 12 адам, Адияманда екі адамның қаза тапқанын, 5 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.

"Іздеу жұмыстарын таң атқанша жалғастырамыз. Сондай-ақ шығынды анықтау жұмыстары да басталды", - деді ол.

Басылым мәліметінше, 14 наурызда Шанлыурфада қатты жаңбыр жауған. Сел провинцияның әкімшілік орталығының бірқатар көшесі мен даңғылын басып қалған.