19.04.2023, 07:30

Илон Маск TruthGPT деп аталатын жеке жасанды интеллект чат-ботын іске қосатынын мәлімдеді

Фото: AP Photo/ Susan Walsh
И.Масктің айтуынша, бұл – қауіпсіздікке төте жол.

Илон Маск TruthGPT атты жеке чат-ботын іске қоспақ. Бұл туралы ол дүйсенбі күні Fox News телеарнасының жүргізушісі Такер Карлсонға айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Мен TruthGPT аталатын әлденені, басқаша айтқанда Ғаламның табиғатын түсінуге тырысатын, шындықты іздеп табуға барын салатын ЖИ-ді (жасанды интеллект – ред.) іске қоспақмын.

И.Масктің айтуынша, бұл – қауіпсіздікке төте жол. Себебі ол Ғаламшар ұғымынына қамқорлықпен қарайды, сондықтан ол адамдарды жойып жіберуі екіталай, өйткені олар оның мүддесінің бөлшегі.

Дегенмен Илон Маск жасанды интеллектіде «өркениетті жою әлеуеті барын» айтып, оның жалпы қауіп туралы атап өтті.