Түркияда жер сілкінісі болған Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында қатты соққан дауылдың салдарынан кейбір ғимараттардың шатыры ұшып, олардың жанында орналасқан палаткалар зақымдалды. Кем дегенде 1 адам қаза тауып, 44 адам жарақат алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ақпан айындағы жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер тұратын шатырлар да зақымдалды.
6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 және 7,6 баллдық жер сілкінісі болған. Олардың эпицентрі Кахраманмараш провинциясы болды. Жер сілкінісі салдарынан 48 мыңнан астам адам қаза тауып, тағы 100 мың адам жарақат алды.