Малайзияда Фатима есімді бес жасар қыздың туған күнінде ата-анасы қымбат көлік сыйлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаңтарда сырқаттанып қалған Фатима мектепке барудан бас тартады. Анасы оны оқуға ынталандыру үшін туған күніне қандай сыйлық қалайтынын сұрады, деп жазды malaymail басылымы.
Шынашақтай қыз анасынан BMW немесе Mercedes G Wagon сұрады.
Қызының тілеген құп көрген анасы мектепке баруға сөз берсе, Mercedes G Wagon маркалы қымбат көлік сыйлауға уәде етті.
Осылайша кішкентай Фатима бес жасқа толған туған күнінде "Гелендвагеннің" қожайыны атанып шыға келді.