Ливерпульде науқас иесін бір өлімнен құтқарған мысық елді таңғалдырды. Тіпті оған “National Cat Awards” мысықтар байқауының сыйлығы табысталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Диабетпен ауыратын 51 жастағы Аманда Джеймесон сол күні түнде қант деңгейі өте төмендегенінен ерте ұйықтап қалған.
Кейін оның мысығы Виллоу оның аяғын тістеп түсініксіз әрекеттер жасай бастаған. Иесін оята алмаған соң оның теледидар алдында ұйықтап қалған серігі 57 жастағы Рэй Шервудқа секіре бастаған. Ол ер адамды оятып, жатын бөлмесіне қарай апаруға тырысқан. Шервуд бөлмеге келген соң Джеймесонның дыбысты мүлдем сезбей жатқанын көріп, дереу жедел жәрдем шақырған.
“Виллоғажайдан жай мұндай әрекетке бармайды. Сондықтан мен оның неге бұлай тынымсызданғанын білгім келді. Ол мені баспалдаққа қарай тартты. Орнымнан тұра бастадым, мысық соңынан келе жатқаныма көз жеткізу үшін қайта-қайта артына қарады. Жатын бөлмеге кіре сала ол төсекке қарай секірді. Сол кезде Амандаға бірдеңе болғанын түсіндім”, – деді Рэй Шервуд.
Үй иесін құтқарғаны үшін мысыққа “Ұлттық мысықтар” сыйлығы табысталды.