$ 498.34  519.72  4.85

«Тарт қолыңды Түркиядан»: Ердоғанның қарсыласы Кылычдароғлу сұмдық мәлімдеме жасады

Саясаткер өзінің үндеуін Twitter-де түрік және орыс тілдерінде жариялады.

Түркия Президенттігіне кандидат, Республикалық Халық партиясының (РНП) басшысы Кемал Кылычдароғлу Ресейді қастандық жасады деп айыптады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Кемал Кылычдароғлу Мәскеуді 15 мамырдан кейін, яғни республика Президенті сайланғаннан кейін достық қарым-қатынасын сақтап қалуға мүдделі болса, "Түрік мемлекетінен қолын тартуға" шақырды.

Саясаткер өзінің үндеуін Twitter-де түрік және орыс тілдерінде жариялады.

"Құрметті орыс достар, кешегі монтаж, қастандық, Deep Fake контенттер мен жазбаларға сіздердің қатыстарыңыз бар. Егер 15 мамырдан кейін де арамыздағы достық қарым-қатынасымызды сақтап қалуға мүдделі болсаңыздар, лас қолдарыңды Түркиядан тартыңдар. Біз әлі де ынтымақтастық пен достықты қолдаймыз", - деп жазды ол.

Саясаткер нақты не туралы екенін нақтылаған жоқ. Алайда, РБК атап өткендей, мәлімдеме қазіргі президент Режеп Тайып Ердоғанның 7 мамырда өз жақтастарымен кездесу кезінде оларға қарсыласын күрд содырларының жетекшісі қолдайтын бейнені көрсеткеннен кейін пайда болды. 

Естеріңізге сала кетейік, 7 мамырда Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған электоратты дауыс беруге шақырған Кемал Кылычдароғлуның бейнеролигін өзінің жақтастарына көрсетті. Бірнеше секундтан кейін монтаждалған видеода Күрдістанның террористік жұмысшы партиясының жетекшісі Мұрат Қарайылан пайда болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары