Ұлыбританияда өткен Eurovision байқауында Швеция әншісі Лорин жеңіске жетті, - деп хабарлайды "Хабар 24"арнасы.
Ол осылайша ән додасында 2 мәрте бас жүлде алған алғашқы әйел адам атанды. Лориннің бағы 2012 жылғы "Еуровижнде" жанған болатын.
Негізі ақтық сынға дейін фин әншісі Кяарийя үзеңгі қағыстырып келді. Ол көрермендердің кең қолдауына ие болғанымен, соңғы сәтте қатысушы 37 елдің қазылары жеңісті Лориннің қолына ұстатты.
Үшінші орын Израиль өнерпазы Ноа Кирелге бұйырды.