$ 494.87  520.65  4.91

Түркияда 3 айдан кейін үйінді астынан тірі адам табылғаны рас па?

Түрлі БАҚ-та құтқарушылар қатты жүдеген адамды жер сілкінісіне үш айға жуық уақыт өткен соң үйінділерден шығарып алып, бақылау үшін дәрігерлерге тапсырғаны жазылды.
Фото: An Nahar
Фото: An Nahar

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін үйінді астынан аман қалған адам табылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп жазды Massaget.kz

Түрлі БАҚ-та құтқарушылар қатты жүдеген адамды жер сілкінісіне үш айға жуық уақыт өткен соң үйінділерден шығарып алып, бақылау үшін дәрігерлерге тапсырғаны жазылды. Порталдар денесін жара басқан, төсек тартып жатқан ер адамның суретін жариялады. Бұл сурет әлеуметтік желілерде тарады.

«Алайда суреттің 6 ақпанда Түркияда болған жойқын жер сілкінісіне ешқандай қатысы жоқ», – делінген An Nahar басылымы хабарламасында.

Мәлімет бойынша, суреттегі ер адамның аты – Ахмед Әл-Суси, ол Сирияның Идлиб провинциясында тұрады және псориаздың ауыр түрімен ауырады.

Ахмедтің немере ағасы бұл ақпаратты растаған әрі тарап кеткен сурет шамамен жеті жыл бұрын түсірілген екен. Ол інісінің денесіндегі жаралар «үйінділердің астында үш ай болғаннан» емес, аурудан пайда болғанын түсіндірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары