$ 442.05  474.14  4.74

Сауд Арабиясы ғарышқа өзінің алғашқы әйел ғарышкерін жіберді

Райяна Барнави Сауд Арабиясынан шыққан алғашқы әйел ғарышкер.
Коллаж: Azattyq Ruhy
Коллаж: Azattyq Ruhy

Райяна Барнави Халықаралық ғарыш станциясында бірқатар эксперименттер жүргізеді. Онымен бірге жеке миссия аясында ғарышқа тағы бір саудиялық Али Әл-Карни, бұрынғы NASA астронавты Пегги Уитсон және жүргізуші Джон Шофнер аттанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy 

Райяна Барнави Сауд Арабиясынан шыққан алғашқы әйел ғарышкер.

Сүт безі қатерлі ісігін зерттеушісі Барнави – бірқатар эксперименттер жүргізу үшін халықаралық ғарыш станциясына алғаш рет барған екі саудиялықтың бірі. Екінші әскери ұшқыш Али Әл-Карни болды.

Axiom Space жеке ғарыш компаниясы ұйымдастырған коммерциялық миссияға NASA-ның бұрынғы астронавты Пегги Уитсон және америкалық кәсіпкер Джон Шофнер қосылды.

SpaceX Falcon 9 зымыран тасығышы жексенбі күні кешке Флоридадан Crew Dragon кемесін сәтті ұшырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары