30.05.2023, 18:00

Мессиге 1,2 миллиард еуро жалақы ұсынылды

Фото: championat.com
Бұл маусымда Месси ПСЖ сапында 40 матч өткізіп, 21 гол салған.

Франциялық "Пари Сен-Жермен" командасының шабуылшысы Лионель Мессиге Сауд Арабиясындағы "Аль-Хилял" командасы екі жылға 1,2 миллиард еуро жалақы ұсынған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Footmercato мәліметінше Мессидің жылдық жалақысы 600 миллион еуро болады. Осылайша ол әлемдегі ең көп жалақы алатын спортшы атанбақ. 

Футболшының әкесі Хорхе Месси "Аль-Хилял" командасының ұсынысын құптайтынын айтқан. Тек Месси келіссе, алдағы уақытта "Аль-Насрда" ойнайтын Криштиану Роналдуға қарсы ойын өткізуі мүмкін. 

Бұл маусымда Месси ПСЖ сапында 40 матч өткізіп, 21 гол салған. Ал командамен арадағы келісімшарттың мерзімі маусым айында аяқталады. 

Тегтер: Месси