$ 494.87  520.65  4.91

Қырғызстанның экс-президенті тағы 10 жылға сотталды

Бұрынғы үкімдерді ескере отырып, Бакиев жалпы 30 жыл түрмеде отыруы керек.
Фото: instagram.com/kurmanbek_bakiev_official
Фото: instagram.com/kurmanbek_bakiev_official

Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев Құмтөр ісі бойынша кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kaktus.media-ға сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қашқын экс-президент 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Бұрынғы үкімдерді ескере отырып, Бакиев жалпы 30 жыл түрмеде отыруы керек.

"Бішкек Первомай аудандық сотының 2023 жылғы 1 наурыздағы үкімі бойынша Құрманбек Бакиев Қырғыз Республикасы Қылмыстық Кодексінің 336-бабы 2-бөлігінде көзделген "Ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың мүддесінде жасалған немесе ауыр зиян келтірген сыбайлас жемқорлық" қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды", - деп жазды басылым.

Сондай-ақ, үкімде Құрманбек Бакиевтің мүлкі тәркіленіп, жазасын өтегеннен кейін үш жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайтыны айтылған.

Дәл осы іс бойынша экс-президенттің ұлы Максим Бакиев 13 жылға сотталды. Бұрынғы сот шешімдері негізінде ол өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Ал оның орынбасары Алексей Құмтөр ісі бойынша 12 жылға сотталған. Бұрынғы үкімдерін ескере отырып, ол 30 жыл түрмеде отыруы керек.

Геология және минералдық ресурстар агенттігінің бұрынғы басшысы Қапар Құрманалиев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұрынғы сот шешімін ескере отырып, ол 13 жыл түрмеде отыруы керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары