$ 494.87  520.65  4.91

Бейжің әуежайында Месси ұсталды

11 маусымда Аргентина құрамасы ойынға дайындықты бастау үшін Қытайға барған.
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Лионель Месси Қытайға Аргентина төлқұжатымен емес, Испания төлқұжатымен барған. Сол үшін оны Қытай полицейлері ұстап, тексеруге мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лионель Месси 15 маусымда Аустралия футболшыларымен жолдастық кездесу өткізеді деп жоспарланған. Ойын Бейжіңдегі стадионда өтеді, деп жазды Sports.ru.

11 маусымда Аргентина құрамасы ойынға дайындықты бастау үшін Қытайға барды. Бірақ әуежайда Лионель Мессиді полицейлер ұстады.

Футболшы Қытайға визасыз жүру құқығын беретін аргентиналық төлқұжатымен емес, Испания төлқұжатымен барған. Испания азаматтары Қытайдың өзіне емес, Тайваньға ғана визасыз бара алады.

Футболшы полицияға жағдайды түсіндіріп, оған жеделдетілген виза берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары