30.06.2023, 23:30

Кишинев әуежайында ер адам оқ атты

Фото: Azattyq Rýhy
Қазіргі уақытта әуе айлағының қызметкерлері жолаушыларды эвакуациялап жатыр.

Молдова астанасы Кишинев әуежайында оқ атылды. Бұл туралы Молдова полициясы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазіргі уақытта әуе айлағының қызметкерлері жолаушыларды эвакуацияланып жатыр.

Алдын ала ақпарат бойынша, шекарашылар елге кіргізбей қойған шетелдік оқ атқан. Ер адам шекарашыға қарай атып, әуежайдың бір бөлмесінде жасырынған.

Кишинев әуежайының онлайн-таблосындағы ақпаратқа сүйенсек, әуе қатынасы тоқтатылды. Ұшақтарды қабылдау және ұшу тоқтатылды.