01.07.2023, 14:20

Қытайдағы химиялық зауытта жойқын жарылыс болды (ВИДЕО)

Фото: Shanghai Daily/Twitter
Қазір өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр.

Қытайдың Цзянси провинциясындағы химиялық зауытта жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды Massaget.kz.

Қытай орталық телеарнасы (CCTV) Цзянси провинциясында Jiangxi Qiantai New Material Co Ltd химиялық зауытында шыққан өрттен жарылыс болғаны туралы хабарлады. Өрттің шығуына майдың жануы себеп болған. Хабарлама жергілікті уақыт бойынша 10:30-да (Астана уақыты бойынша 9:30) түскен.

Қытайдың орталық телеарнасында мәлім еткендей өрт салдарынан Jiangxi Qiantai New Material Co Ltd химия зауытында жарылыс болған. Алдын ала мәлімет бойынша майдың тұтануы өрттің себебі болған. Өрт туралы ақпарат жергілікті уақыт бойынша 10:30-да келіп түскен. 

Қазір өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Ал зауыт қызметкерлері толығымен эвакуацияланыпты. Соңғы деректерге сәйкес жарылыстан зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің нақты себебі анықталуда.

Оқиға орнында өртсөндірушілер жұмысын жалғастырып жатыр. Барлық қызметкер эвакуацияланғаны айтылды. Соңғы мәлімет бойынша, жарылыстан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.