Бішкекте Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың туысы Ұлан Жапаров ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша қылмыстық іс ҚК-нің "Сыбайлас жемқорлық" бабы бойынша қозғалған. Істі ІІМ тергеу қызметі тергеп жатыр, - деп хабарлады редакция.
Бішкектің Первомай аудандық соты У.Ж. есімді азамат сот қаулысымен 26 шілдеге дейін қамауға алынғанын растады.
Редакция дереккөздерінің мәліметінше, Ұлан Жапаров Садыр Жапаровтың немере ағасы Рақымжан Жапаровтың ұлы.