Режеп Тайып Ердоғанның президенттік сайлаудағы бұрынғы қарсыласы Кемал Кылычдароғлу жол апатына ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Оппозициялық Халықтық-республикалық партияның жетекшісі, президенттікке бұрынғы кандидат Кемал Кылычдароғлуның кортежінде 7 көліктің қатысуымен жол апаты болды, – деп жазды Star газеті.
Сондай-ақ, жол апатына журналистер мінген шағын автобус та түсіп, салдарынан төрт адам, оның ішінде екі БАҚ қызметкері зардап шекті.