Франциядағы мектептерде киім тәртібі қатаңдатылып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Францияның мемлекеттік мектептерінде жаңа оқу жылында қыздардың жаулық тағуына ғана емес, сонымен қатар, мұсылманша абайа, яғни, ұзын әрі кең көйлек киюіне тыйым салынады, делінген qazaqstan.tv телеарнасының сюжетінде.
Мұны осы елдің білім министрі Габриэль Атталь мәлімдеді.
Сыныптарда оқушылардың сыртқы көрінісі бірден дінді байқатпауы керек, - дейді ол.
Франция халқының 5 миллионы - мұсылмандар. Оңшыл саясаткерлер мұсылманша киімге қатысты тыйымды күшейтуді қолдап отырса, солшылдар мұндай заңдар әйелдер мен дін жолындағылардың құқығын таптайды деп есептейді.