Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі Цифрлық даму министрлігінен Қырғызстан аумағында TikTok әлеуметтік желісін бұғаттауды сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, балалардың психикалық дамуы мен денсаулығына кері әсер ететін TikTok әлеуметтік желісінің зиянды әсері туралы бірқатар үкіметтік емес ұйым тарапынан алаңдаушылық білдіретін хабарламалар жиіледі. Бұл әлеуметтік желі қолданушыны қысқа клиптердің виртуалды әлеміне жетелеп, оларды көрген жасөспірімдер кейбір видеоларды қайталауға тырысатыны, ал ондағы әрекеттердің кейбірі адам өміріне қауіп төндіретіні атап өтілген.
Сонымен қатар балалардың психикасы әлі де тұрақсыз, ол енді ғана қалыптасып жатқандықтан, мұндай контент тәуелділік тудырып, жас ұрпақтың эмоционалдық жағдайына кері әсер етеді.
Осыған байланысты Мәдениет министрлігі контентке мониторинг жүргізіп, платформа балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратқа қол жеткізуді шектеу, сондай-ақ TikTok қосымшасындағы ақпаратқа қол жеткізу кезінде жас санатын бақылау функциясы жоқ екенін анықтады.
Көптеген өтінішті ескере отырып және жүргізілген мониторинг негізінде Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі Қырғыз Республикасының аумағында TikTok сервисін тарату қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады, - деп жазылған хабарламада.
Шешім ел заңнамасы аясында одан әрі іске асырылуы үшін Цифрлық даму министрлігіне жолданды.