Танылмаған Таулы Қарабақ Республикасының Президенті Самвел Шахраманян 2023 жылдың 19 қыркүйегінен кейінгі жағдайларға байланысты тиісті Жарлыққа қол қойды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
2024 жылдың 1 қаңтарына дейін ведомстволық бағыныстағы барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарды таратылады және Таулы Қарабақ (Арцах) Республикасы мемлекеттілігі жойылады, - делінген Жарлықта.
Осы Жарлық күшіне енгеннен кейін Таулы Қарабақ тұрғындарына, оның ішінде республикадан тыс жерлердегі тұрғындарға Әзербайжан ұсынған реинтеграция шарттарымен танысуға, содан кейін аймақта қалу-қалмауды өз бетінше шешуге нұсқау беріледі, деп жазды Inbusiness.kz.
Жарлық жарияланғаннан кейін бірден күшіне енеді.
Шешім Таулы Қарабақ халқының қауіпсіздігі мен өмірлік мүдделерін қамтамасыз етудің басымдығына сүйене отырып, қалыптасқан күрделі әскери-саяси жағдайға байланысты, Ресей бітімгершілік контингенті қолбасшылығының Әзербайжан Республикасының өкілдерімен Таулы Қарабақ тұрғындарының, оның ішінде қару-жарақ тастаған әскери қызметшілердің еркін, ерікті және кедергісіз Лачинск дәлізі арқылы көлік құралдарында өз мүлкімен өтуі қамтамасыз етілетіндігі туралы делдалдықпен қол жеткізілген уағдаластықты ескере отырып, Таулы Қарабақ Конституциясының 93-бабын басшылыққа ала отырып қабылданды.
Таулы Қарабақ мемлекеті ыдырауы қарқынды түрде жалғасып жатыр. Сонымен бір мезгілде босатылып жатқан қала, кент, ауылдардан Армения Қарулы күштерінің әскери құрылымдарының және заңсыз әскери топтардың қаруларын тастап, көліктермен кетіп жатқаны бейнеленген видеоматериалдар да жарияланып жатыр.
Қарабақтағы қарулы армян құрылымдарының мүшелері қару-жарағы мен әскери техникаларын өз еркімен ресейлік бітімгершілерге табыстап жатыр.