$ 494.87  520.65  4.91

Шұжықтың ішінен егеуқұйрықтың тырнағы табылды

Қадағалау органы өнімді "техникалық регламент талаптарын бұзу" деп атады.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Ресейде "Стародворские сосиски" Жабық акционерлік қоғамында "Сливушки" брендінің шұжықтарынан егеуқұйрықтың тырнағы табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Stan.kz мәліметінше, Ресейдің Курган облысындағы Роспотребнадзор департаментіне сапасыз өнімге шағым түсіп, Владимир облысындағы департаментке жіберілген. Қадағалау органы өнімді "техникалық регламент талаптарын бұзу" деп атады.

Тексерулерге мораторий жағдайында кәсіпорындар өздерінің өндірістік объектілерінде бақылауды әлсіретеді. Оның салдары өнім сапасының төмендеуі мен адам денсаулығына зиян тигізетін әртүрлі оқиғалардың орын алуына алып келеді, – деді Роспотребнадзор жанындағы қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Олег Павлов. 

Павлов бұл жағдай кәсіпорында қауіпсіздік ережелерінің дұрыс сақталмайтынын көрсетеді деді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары