Мәскеу 12 қазанда Бішкекте ТМД саммиті аясында Ресей, Әзербайжан және Армения Сыртқы істер министрлерінің келіссөзін өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Sputnik Қазақстан-ның жазуынша, дүйсенбіде РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин РБК телеарнасына берген сұхбатында айтқан.
Біз мұндай пікірталастарды (армян-әзербайжан жанжалын реттеу бойынша – ред.) осы жылдың 12 қазанында Бішкекте ТМД саммиті іс-шаралары аясында Сыртқы істер министрлері деңгейінде өткізу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз, - деді Галузин.
Ол Әзербайжан тарапының келісім беріп қойғанын атап өтті. Ресей Сыртқы істер министрлігі армян тарапы да бұл мәселеге жауапкершілікпен қарап, келіссөздерге қатысуға келіседі деп үміттенеді.