Қырғызстан Әуе қорғаныс күштерінің тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын өткізу барысында мәжбүрлі түрде қонған.
Бішкек маңында Ми-8 әскери тікұшағы құлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Kabar агенттігіне сілтеме жасап.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 10:55-те" Фрунзе-1 " әуе базасында Ми-8 әскери тікұшағы құлады. Борт 203. Экипаждағылардың жағдайы әлі белгісіз, - делінген хабарламада.
Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің агенттігіне хабарлағандай, Қырғызстан Әуе қорғаныс күштерінің тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын өткізу барысында мәжбүрлі түрде қонған. Зардап шеккендер бар.
Қорғаныс министрлігінің және әуе қорғаныс күштерінің басшылығы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде. Тергеу нәтижелері туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланатын болады, - деп атап өтті ведомстводан.