24.01.2024, 22:30

«74 адам қаза тапты»: Ресейде әскери ұшақ құлады

Фото: ria.ru

Ұшақтың бортында жалпы 74 адам болғанын және олардың барлығы қаза тапқан.

Белгород облысында ИЛ-76 әскери ұшағы құлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ресейдің  қорғаныс министрлігі әскери ұшақтың бортында жалпы 74 адамның болғанын және олардың барлығы қаза тапқанын мәлімдеді. Оның алтауы – ұшақтың экипаж мүшесі, деп жазды Qazaqstan.kz.

Ұшақ Белгород облысына бара жатқан. Апат себебі анықталып жатыр.

Тегтер: апат ұшақ Ресей