Швеция Финляндиямен бірге 2022 жылдың көктемінде НАТО-ға қосылуға өтініш берді.
Швецияның НАТО-ға қосылуы туралы хаттама күшіне енді. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаменті өз сайтында жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«2024 жылғы 7 наурызда Швеция Корольдігінің Солтүстік Атлантикалық шартқа қосылуы туралы хаттаманың II бабында көрсетілген күшіне ену шарттары орындалды», - делінген сайтта.
Швецияның НАТО-ға қосылуы Батыс қорғаныс альянсының Ресей үшін мұнай саудасының маңызды бағыты болып табылатын бүкіл Балтық теңізін қоршауға алғанын білдіреді.
Швеция Финляндиямен бірге 2022 жылдың көктемінде НАТО-ға қосылуға өтініш берді.
2024 жылы 23 қаңтарда Түркия Парламенті ұзақ мерзім бойы кейінге шегеріп келген шешімді басым дауыспен (55-ке қарсы 287 дауыс) қабылдап, Швецияның НАТО-ға кіруін мақұлдады. Ал 26 ақпанда Венгрия Парламенті Швецияның НАТО-ға ену туралы өтінішін ратификациялады.