$ 443.37  474.49  4.83

Ресейдің Орынбор қаласын су басып, дабыл соғылды

Облыс орталығында ТЖ режимі енгізілген. 

Фото: Егор Алеев / ТАСС
Фото: Егор Алеев / ТАСС

 9 сәуірде  Ресейдің Орынбор қаласында дабыл зорайтқыштар іске қосылды. Қала тұрғындарына қауіпті аймақтардан шұғыл кетуді талап ететін үндеу тасталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Орынборда  бір түнде су деңгейі 25 см-ге көтерілген.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті межеге жақындап, 897 см құрады.

«Дабыл соғылды. Облыс орталығында ТЖ режимі енгізілген. Қаладағы Урал (Жайық) өзеніндегі су деңгейі қауіпті межеге жақындап, 897 см құрады. Су басу қаупі бар аймақтағы барлық адам дереу эвакуациялауға жатады», - деді шаһар билігі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары