Орынбор облысында-15 112, Қорған облысында - 670, Самара облысында - 173 тұрғын үй су астында қалды.
Ресейдегі көктемгі су тасқынынан су басқан тұрғын үйлердің саны бір тәулікте 1 мыңнан астамға өсіп, 16 мыңнан асты, деп хабарлайды Skifnews.kz сайты ТACC-қа сілтеме жасап.
"Ресей Федерациясының аумағында бір тәулік ішінде су басқан үйлердің саны 1097-ге өсті. 17 сәуір күні таңертең 203 елді мекенде олардың саны 16 057 құрады. Сондай - ақ, су басқан үй учаскелерінің өсуі байқалады, олардың саны тәулігіне 31 039-ға дейін өсті, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 3 351-ге артық", - делінген хабарламада.
Орынбор облысында-15 112, Қорған облысында - 670, Самара облысында - 173 тұрғын үй су астында қалды. Сонымен қатар, сәрсенбі күні таңертең Ресейде 97 төмен су көпірі мен 89 жол учаскесі су астында қалды.